12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация — тиімді шешім

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты еліміз соттарының жұмыстары онлайн режиге көшкені белгілі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асановтың бұл бастамасы өзге өңірлермен қатар, Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында да жүзеге асырылды. Аталмыш шара, әрине, соттардың да сақтану жағдайына ықпалын тигізері анық. Бүгінгі таңда барлық техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Түрксіб аудандық соты да өз жұмысын онлайн режиміне көшірген-ді. Десек те, калай болғанда да жұмыстың тұралап қалмасы анық. Мысалы, біздің Алматы қаласына қарасты Түрксіб аудандық сотының азаматтық істер алқасына азаматтық іске қатысты арыз-шағымдар түсіп, оны егжей-тегжейлі зерделедік. Нәтижесінде бірнеше даулы мәселелер медиациялық, бейбіт келісіммен шешілді.  
2016 жылдан бастап, қолданысқа енген жаңа Азаматтык процестік кодексте «Сот медиациясы» ұғымы пайда болганынан жұртшылықтың құлағдар екені аян. Әрине, сот медиациясы — дауды реттеуде судьяның жәрдемдесуімен жүзеге асырылатын бітімгершілік рәсімі. Мысалы, аталмыш уақытта менің қарауымда төрт іс, атап айтар болсам екеуі медиациялық, екеуі бейбіт келісіммен оңтайлы шешілді. Аудандық сотқа аудан тұрғынынан еңбек дауына қатысты шағым түсті. Онда шағымданушы жұмыс берушінің еңбекақысын уақытылы төлемегені жайына тоқталған. Шағымданушының шағымына қатысты қарсы тараппен кездестіріп, істі бітімгершілікпен шештік. Екіншісі, ол тағы да бір жоғары қабатта тұратын аудан тұрғыны астыңғы қабаттағы көршісінің үстінен су ағызып жібергеніне қатысты шағымның келіп түсуі еді. Бұл шағым да дұрыс шешілді деп айтуға болады. Қалай болғанда да мәселенің бейбіт келісіммен, бітімгершілік жолмен шешілуі алдымен олардың өздеріне тиімді екені анық.
Қазіргі таңда адамдар Азаматтық процестік кодексте белгіленген тәртіпті пайдалана отырып, татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен немесе партисипативтік тәсілдер тәртібімен реттеудің артықшылығын түсініп келе жатыр. Олай дейтініміз, даудың бітімгершілік жолмен тез шешілгені алдымен дауласушылардың өздеріне тиімді. Әрі оны қолдану даулардың оңтайлы, тиімді шешілуіне, сонымен қатар тараптардың материалдық шығынының азаюына, бір-біріне кешірім жасауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізері сөзсіз.
Еліміздегі бірлік пен татулықтың жақсы нышаны, қоғамның тұрақты дамуы, ізгілендірілген және бітімгершілік заңдарының басымдық алуы мемлекетіміздің мақсатты бағдардамаларының жүзеге асуына серпін береді дейтін болсақ, қоғамдағы кез келген қайшылық пен дауды азаматтық келісім шеңберінде шешуге қолданыстағы заңнамалардың бейбіт, бітімгершілік рәсімдері мен медиация тәсілдері мол мүмкіндік берері айтпаса да түсінікті. Себебі, сот тәжірибесі дауласушы тараптарды татуластыру мен келістіру рәсімдерін қолданудың тиімді екендігін көрсетіп отыр.
Мөлдір МҰХАНОВА,  
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...