Елімізде «Жұмыспен қамту жол картасы» табысты жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыздық санын азайта отырып, халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету. Осы Жол картасы жас буын өкілдеріне де қолдау танытуда. Әсіресе, аудан және ауылдық округтерде қарқынды түрде іске асырылуда.
Ауданымызда «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 52 жоба іске асырылады. Барлығы 537 жұмыс орны бар. Оның 268 адам Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жолдануда.
Жобаға қатысушылардың ішінде: 29 жасқа дейінгі жастар — 31, мүмкіндігі шектеулі жандар – 6.
Абаттандыру жұмыстары аудан орталығы І.Жансүгіров ауылындағы Бөрібай батыр ескерткішін орнату, орталық саябақты абаттандыру жұмыстары басталуда.
Су құбырлары Арасан, Еңбек ауылдарында тартылады. Электр желілерін жөндеу жұмыстары І.Жансүгіров ауылының электр желілерін жөнделіп, түнгі көше жарықтары жасалады. Сонымен қатар, Қапал, Қызылағаш ауылдарына да түнгі көше шамдары қойылады.
Спорт алаңдары Көшкентал, Еңбек, Матай, Көкөзек, Егінсу, Қызылағаш, Б.Сырттанов, Ақсу, Сағабүйен, І.Жансүгіров, Н.Есеболатов, Молалы, Қаракөз ауылдарында шағын футбол алаңдары бой көтереді.
Көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары Молалы ауылы Сексенбай батыр көшесі, Алажиде ауылы Мектеп көшесі, І.Жансүгіров ауылы Ж.Бұхарбай көшесін, Н.Есеболатов, Көшкентал, Суықсай, Қаракөз, Алтынарық, Көкөзек, Сағакүрес, Сағабүйен, Кенжыра ауылдарында жүргізілуде.
Негізгі және орта мектептерінің ішіне дәретханалар орнату жұмыстары Ж.Сыдықов, Қ.Сәтбаев, Қ.Терібаев, Б.Сырттанов, Абай, Мамания, Н.Есеболатов, Т.Тохтаров, Ғ.Мұратбаев, Кеңжыра, Қаракемер, Ю.Гагарин, Жаңатілеу, Ш.Уалиханов, І.Жансүгіров, Көшкентал, М.Әуезов, Алажиде, Қызылқайың, Көлтабан, Сағакүрес, Баласаз, Қызылжар, ГЭС, Шолақөзек, Өнім, Ақтөбе ауылдарында басталып, орнатылуда.
Инфрақұрылымдық жобалар жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуды көздейді.