Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облыс көлеміндегі көзі тірі 64 соғыс ардагерлерінің денсаулығы да назардан тыс қылмады. Бір топ облыс дәрігерлері соғыс ардагерлерінің үйіне барып, денсаулықтарын тексерді.
Алматы облысының Іле, Кербұлақ аудандық орталық аурханасы мен Қарғалы аудандық ауруханасының дәрігерлері 9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне арнайы барып, медициналық тексеруден өткізді.
Құрамында терапевт, хирург, кардиологтан құралған бір топ дәрігерлер ардагерлерді тексеруден өткізумен қатар нақты кеңестер беріп, қажетті емдеу шараларын тағайындады. Сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектерін жеткізіп берді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ:
-Дәрігерлер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Өкінішке орай жылдан жылға соғысқа қатысқан майдангерлер қатары сиреп барады. Медицина қазметкерлері ардагерлерге кез келген уақытта көмек көрсетуге әзір, — деді. Өткен жылы Жеңістің 74 жылдығын Алматы облысында жүзден аса қарт майдангер қарсы алған еді. Биыл 64-і қалып отыр. Олардың ерен ерлігі, ел жадында мәңгі сақталмақ.