12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында жеңістің 75 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Естен кетпес ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Яғни, Ұлы Жеңіске 75 жыл! Негізі 13 наурыздан бастап Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынды. Бірақ бұл Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге кедергі болмады. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетілген құрметке орай биыл 75 жылдық мереке көбінесе онлайн атап өтілді. Мәселен Алматы облысында жарық шамдарымен cөздер жазылып, әуе шары көтерілді

Жетісулықтардың 9 мамыр – Жеңіс күніне арнаған бейне құттықтаулары Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің ресми парақшасында жарияланды. Сондай-ақ, Талдықорғанда студенттер жатақханасының ғимаратында жарық шамдармен «75», «9» және «МАЙ» жазулары жазылды. Алматы облысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығын 64 соғыс ардагері қатысып отыр.

Жылдан жылға азайып бара жатқан соғыс ардагерлеріне деген өңірде құрмет те ерекше. Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай құттықтау сөзін де арнады. Онда облыс әкімінің

«Құрметті Алматы облысының тұрғындары, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысындағы қару үні тыншыды, бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері жадымыздан өшкен жоқ, қайта жыл өткен сайын ұрпақтан ұрпаққа, жүректен жүрекке жетіп, жаңғыра түсуде. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген осы болар! Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен әр азаматқа ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерлерді еске аламыз. Біз аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығын, қажыр-күшін, биік рухын бағалай отырып, бізге ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз. Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу — біздің басты міндетіміз.
Құрметті ардагерлер!
Осы мерейлі мерекеде барлық ізгі тілектер өздеріңізге арналады. Сіздер әперген Жеңіс кешегі күннің ғана емес, болашақтың да жеңісі, ол соғыстан кейінгі жылдардың қиындығын еңсеруге мүмкіндік беріп, бүгінгі күні де қоғам өміріне белсене араласуға, жастарды Жеңіс рухында тәрбиелеуге күш беріп келеді. Сіздердің өмірлік бай тәжірибелеріңіз үшін, бізге жол нұсқағандарыңыз үшін, үнемі қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Денсаулықтарыңыз мықты, жастарыңыз ұзақ болып, жақын жандарыңыздың құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер!
Ұрыс даласынан оралмаған жауынгерлердің даңқы мәңгі өшпейді! Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол зұлмат жылдардың ауыртпалығын көтерген барша жандарға құрмет көрсету – парызымыз.
Бейбіт өміріміз үшін, бұлтсыз аспанымыз үшін Сіздердің алдарыңызда тағзым етіп, басымызды иеміз! Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құтты болсын!
Елімізде шаттық пен береке, ынтымақ пен тыныштық бола берсін, құрметті жетісулықтар!» деген жүрекжарды құттықтау лебіздері бар.

Облыстың жастары да тұрғындарды Жеңіс күнімен ерекше құттықтады. Әуе шарымен Талдықорған көгіне көтерілген әншілер тұрғындарды Жеңіс күнімен құттықтап, ерекше сезімге бөледі. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Сол заманында қаншама жанның өмірін қиды, қаншама жан мүгедек халге түсті. Тіпті, аман-есен оралып келгендердің ойларында от оранған күндердің елесі қалды. Ендеше, бүгінгі бейбіт күніміз үшін біз оларға мәңгі қарыздармыз.

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген перзенттік парыздарын, ұлттық мақтаныштарын дәлелдеді.

Біздің ата-әжелеріміздің ерліктері мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі ұрпағы үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі деп ойлаймын. Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді. 9 мамыр – мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, бұл жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбек.  Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу. Сондай-ақ Жеңіс күні қарсаңында Жеңіс күні қарасаңында Текелі қаласындағы «Даңқ» монументі маңында тазалық акциясы өтті. Қала әкімі Бахтияр Өнербаев қала жұртшылығын қоғамдық тәртіпті сақтап, тазалық талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...