12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу соты тараптар құқықтарының тең қорғалуына кепілдік береді

Ел тәуелсіздігіне келер жылы 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде өзге салалар секілді сот жүйесінде де түрлі реформалар іске асып, олар өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әділ қорғалуын одан әрі қамтамасыз етті. Сондай жаңашылдықтың бірі – мамандандырылған тергеу соты. Айта кетерлігі, тергеу судьяларының институты ең алғаш Қазақстанға 2015 жылы еніп, көп ұзамай-ақ өз тиімділігін көрсетті. Нәтижесінде Мемлекет басшысы 2018 жылдың 31 шілдесінде облыс орталықтарында мамандандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Мамандандырылған тергеу соттары сотқа дейінгі тергеуде бақылауды кеңейту мақсатын көздейді. Сонымен қатар, қылмыстық процесске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін тергеу іс-әрекеттерін санкциялау, тергеушi немесе прокурор iс-әрекеттерi мен әрекетсiздiгiне, шешiмдерiне түскен шағымдарды қарау, қорғаушы жақ ұсынған дәлелдерді сотқа дейін алдын-ала зерттеуді қамтамасыз етеді. Тергеу сотының өкілеттігіне адамдарды қамауда ұстауға, үй және экстрадициялық қамауға алуға, қызметінен уақытша шеттетуге, кепілді қолдануға, мүлікке тыйым салуға, мәйіттің эксгумациясына санкция беруге, сондай-ақ, күдіктіге халықаралық іздестіру жариялауға, тергеу органдарының әрекетсіздігіне шағымдарын қарауға және іске қатысушылардың жауаптарын қорғап, сақтауға санкция беру, т.б. кіреді.

Аталған институт бір орында тұрмай өзінің жаңғыруын жылдан-жылға жалғастыруда. Мысалы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің іс жүргізу негіздерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес, тергеу сотының өкілеттігі құпия тергеу әрекеттері бөлімінде айтарлықтай кеңейтілді. Оның құзырына Қылмыстық процестік кодексте қарастырылған жасырын тергеулер енді. Атап айтсақ, орынның немесе адамның жасырын аудио немесе бейне бақылауы, электро желілер байланысы арқылы берілетін ақпараттарды жасырын ұстап алуды бақылау, бір-бірімен байланысқан абоненттер мен абоненттік құрылғылар туралы жасырын ақпарат алу, компьютер, серверлер және басқада ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау және сақтауға арналған құрылғылардан ақпараттарды жасырын алу, почта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау, орынға жасырын кіру және оны қарап-зерттеу тергеу сотының санкциясы бойынша жүргізіледі.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодекске енгiзiлген өзгерiстерге орай, тергеу iс-әрекетi тергеу сотының, сот алдын ала тергеу жүргiзушi тұлғаның дәлелдi шешiмi не заңға сай тиiстi шешiм шығаруға уәкiлеттi басқа да лауазымды тұлғалардың келiсiмiмен жүргiзiледi. Санкция тек заңда белгіленген тәртіппен тіркелген есептер мен қылмыстар туралы шағымдар бойынша беріледі. Осылайша ел тұрғындарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуіне жол бермеуге бағытталған тергеу соты адам құқығын қорғау тетіктерін одан әрі күшейтті.

Тергеу соты Қазақстандағы қылмыстық процестің халықаралық стандарттарға сай болуына, сонымен қатар, азаматтардың мүдделерін қорғау, шағымдары мен шешімдерді ашық түрде талқылауға жол ашты. Мысалы, мүлікке тоқтам салуға санкция беруді тергеу судьясының қарауы да қылмыстық сот өндірісіне тартылған тұлғалардың құқығын сақтайды. Тергеу судьясы бұл әрекеттің заңдылығын дәлелдейтін негіздерді, мүлікке тоқтам салуға байланысты мүдделері қозғалатын тараптардың және үшінші жақтың құқықтарының сақталуын зерттеп барып шешім қабылдайды. Айыпталушының бұлтартпау шарасына санкция беру тергеу судьясымен ашық сот мәжілісінде, айыптау және қорғау тараптарының қатысуымен қаралады. Мұндай процесте тараптардың жарыспалылық қағидаты неғұрлым толық іске асырылады және сотқа дейінгі өндірісте адвокаттың ролі арта түседі. Ашықтық және тараптардың жарыспалылығы процеске қатысушылар құқығының тиімді қорғалуын қамтамасыз етумен қатар, олардың құқығының сақталуына қосымша кепілдік береді. «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 22 қадамында адамның конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіліктің біртіндеп тергеу судьясына берілуі арқылы сотта айыптау мен қорғау тараптарының арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетілгенін еске алсақ, тергеу соты осы меже деңгейіне жеткеніміздің дәлелі.

Анина Байдаулетова,

Алматы қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

тергеу судьясы

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...