12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ САПАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ӨЗГЕРЕДІ

Еліміздің Парламент және Мәслихат депутаттарының сапында әйелдер мен жастар саны көбейіп, олардың билік эшелондарындағы саяси белсенділігі артуы мүмкін. Жуырда Парламент Сенатында қабылданған
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң жобасында айқындалған негізгі өлшем осындай үмітке жетеледі. Өйткені, аталмыш жаңа құжатта бір саяси партиядан Мәжіліс пен Мәслихат депутаттығына
кандидаттарды тіркеу үшін жаңа талаптар енгізілді. Енді тізімге енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын 29 жасқа толмағандар мен әйелдер құрайды. Оларға осы мөлшерде квота қарастырылды. Жиында жаңа құжатты таныстырған еліміздің Әділет вице-министрі Наталья Панның айтуына қарағанда, депутаттыққа қандидаттардың партиялық тізіміне осындай квотаның енгізілуі саяси партияларды
әртүрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеуге, олардың мүдделерін өз қызметінде ескеріп отыруға міндеттейді. Әйелдер мен жас ұрпақ өкілдерін елдегі саяси мәселелерге белсенді түрде тарту сайлау тізімдерін жаңа кандидаттармен сапалы түрде жаңғыртып отыруға ықпал етеді. Жаңа өлшемге қатысты сенаторлар
тарапынан қойылған сауалдар бұл тізімді қалыптастыру кезінде оның сақталу мүмкіндігіне қатысты туды. Олардың айтуынша, партиялардың аталмыш талапты сақтау міндеті заң жобасында толыққанды айқындалмаған. Мәселен, сенатор Дана Нұржігіттің сөзінен түйгеніміз құжатта бұған қатысты нақты тетік жоқ. Алайда, Пан ханым сенаторларды тез сабасына түсірді. Оның айтуынша, орталық сайлау комитетіне бұл
талапты орындамаған партияның тіркелу мүмкіндігі автоматты түрде жойылады. Жалпы сенаторлар құжатты толықтай қолдады. Жиын барысында сөз алған сенатор Лаззат Сүлейменова жаңа өлшемді партиялардың рөлін арттыруға ықпал етеді, жастар мен әйелдердің әлеуетін дамытады, қоғамның саяси күн тәртібінің қалыптасуына ықпал етеді деп атап көрсетті. Оның айтуынша, ең бастысы сайлаушылардың таңдау мүмкіндігі кеңейеді және қоғамдық мүдделердің әр алуандығы еске алынады. Қысқасы, бұдан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Жалпы еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сайлау және партиялар жүйесі бірнеше белестен өткені белгілі. Оның ішінде сәттісі де, сәтсізі де болды. 2007 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» конституциялық заңына енгізілген өзгерістерге байланысты еліміздің Парламенті саяси партиялардың тізімі бойынша пропорцияналды негізде жасақталған болатын. Бұл Қазақстан парламентаризмі мен көп партиялық институттың дамуына әсер етті. Десе де, бұл әлі жеткіліксіз екені анық. Мұны жиында сенатор Мұрат Бахтиярұлы орынды атап көрсетті. Оның айтуынша, қоғам өзгеріп бұрынғыдан ашық бола түсті. Кешегі тоқсаныншы жылдары қоғамдық байланыстар құруға қатыспаған жастардың жаңа толқыны қазір саяси процестерге белсене араласуда. Біздің заң да осыған бейімделу керек. Саяси монополия билік үшін сан жағынан ұтыста болғанымен, сапа, моральдық жағынан ұтылыс. Саяси бәсекелестік жоқ жерде тоқырау, дағдарыс орын алады. Бұл үрдіс елдің дамуы, болашағы туралы балама түрде қабылданған бағдарлама тудырады. Белсенді білікті жаңа тұлғаларды анықтайды. Жасырын, астыртын әдістердің үлесі азаяды. Жалпы 2018 жылы қабылданған партиялық тізіммен сайлау туралы заң бойынша еліміздің барлық аудандық, қалалық, облыстық Мәслихат депутаттарының тек партиялық тізімдермен пропорционалды сайлануының кемшіліктері бар. Соның бірі – жеңіске жеткен партиялардың тізімі бойынша, халық арасында танымалдығы төмен, белсенділігі мен біліктілігі, тәжірибесі әлсіз адамдардың депутаттыққа шығып кетуі.Әсіресе, түрлі деңгейдегі сайлауларда Мәслихат депутаттары әкімдерге тәуелді болып қалуда. Бұдан түйгеніміз – сайлау жүйесі сапалық түрде өзгеруі керек. Ол үшін мүлде жаңа заңнама әзірленіп қабылдануы тиіс. «Сайлау туралы» конституциялық заң жобасында сонымен қатар саяси партиялардың қалыптасуына жағдай жасау, қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында саяси партияларды
тіркеу кезінде олардың мүшелерінің 40 мың болу талабын 20 мыңға дейін азайту көзделген. Әлемде ешқандай керемет жетілген сайлау жүйесі жоқ. Тіпті, тарихы терең, ғасырлық демократиялық қағидаттары бар
ежелгі мемлекеттердің жаңа сайлау компанияларын өткізу кезінде де кемшіліктер табылып жатады. Олай болса, еліміздің сайлау жүйесі қоғаммен бірге дамып, өзгеріске түсуі заманның талабы, қажетті үрдіс.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА
«Заң газеті»

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...