12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жастар жаңа үлгідегі  отбасын  құруға бейілді

«Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, «Отбасы институты» жобасы шеңберінде жастардың отбасылық өмірге дайындық деңгейін анықтау мақсатында жаппай онлайн тестілеу өткізді. Бұл іс-шара Халықаралық Отбасы күніне орайластырылды.

Тестілеуге әрбір қазақстандық кез келген гаджеттен (смартфон, ноутбук, планшет) қатыса алды. Тест отбасылық рөлдерге, респонденттің жеке қасиеттеріне және өмірлік құндылықтарға қатысты 33 сұрақтан тұрды. Сауалнама жастардың құндылықтар жүйесіндегі отбасының алатын орнын, жастардың отбасы құруға деген ұстанымдарын анықтауға және қазіргі жастардың көзқарастарына орай қандай отбасының қалаған түрін зерделеуге бағытталған.

Сауалнамаға 948 азамат қатысты, оның ішінде әйел жынысты – 68% және ер жынысты – 41,5% . Оның 47%-ы — 18-25 жас және 38,71%-ы — 26-35 жас. Кәмелетке толмағандардың саны 4,3% — ды қамтиды және 36 жастан асқан респонденттердің саны 10% — ды құрады.

Сауалнама барысында респонденттер әлеуметтік-психологиялық бірліктің маңыздылығын атап өтті (72,4%). Екінші орында — балалар мен ата-аналардың болуы (19%). Ал респонденттердің 8,6%-ы мықты отбасының кепілі – ол заңды түрде ресімделген неке болып табылатынын айтты.

Респонденттердің пікірінше, ер адам отбасылық қарым-қатынаста көшбасшы болуы тиіс. Сонымен қатар, әйел де маңызды рөл атқарады. Бұл пікірмен сұраққа жауап бергендердің көпшілігі келіседі — 65,2%. Шамамен 1/3 бөлігі тең құқықты болуын таңдады. Дәстүрлі патриархатты, яғни бүкіл билік ер адамның қолында болғанын, отбасындағы қарым-қатынастың қалаулы түрі деп респонденттердің тек 3% — ы ғана санайды.

Неке қию және отбасын құру үшін негізгі себеп — өзара махаббат, үй жайлылығы, отбасылық жылу және сезім беріктігі. Жауаптың бұл нұсқасы абсолюттік көпшілік таңдады — 92,2% жауап берген. Пәтер мәселесін шешу, қаржылық әл-ауқат респонденттердің 6,9% — ын ынталандырады және тек 0,9%-ы жалғыздықтан арылу үшін ғана некеге отырғысы келеді.

Респонденттердің көпшілігі үшін (77,3%) үйлесімді неке ол ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жетілуін, отбасын материалдық қамтамасыз ету қабілетін, отбасының барлық мүшелері алдындағы борыш пен жауапкершілігін білдіреді. Жауап бергендердің басқа бөлігі сенімді қарым-қатынас орнатуға болашағы бар, жастық және физиологиялық дайындығының маңыздылығын атап өтті (19%).

Отбасы, зерттеу нәтижелері бойынша, жастар құндылықтары жүйесінде маңызды орын алады. Бұл жауапты респонденттердің 91,8% таңдады.

Алынған мәліметтерді түйіндей келе, сауалнаманы ұйымдастырушылар қазіргі заманғы жастардың жаңа үлгідегі  неке-отбасы қатынастарын құруға бағытталған деген қорытындыға келді, ол ер адамның қарым-қатынастағы көшбасшылығын білдіреді, бірақ ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істеп отбасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ отбасылық міндеттерін өзара айқын бөліседі.

Тестілеу нәтижесі бойынша жастар өз әріптесінде қамқорлық, эмоциялық қолдау және зияткерлік деңгейін бағалайды. Жеке қасиеттерден басқа, серіктесті таңдау кезінде өмірлік құндылықтар, нанымдар мен дүниетанымның өзара байланысы мен сәйкес келуі маңызды. Жастар үшін басты басымдықтар — отбасы, балалар және денсаулық. Жастардың некені ресми түрде тіркеу түсінігі әлі анық емес, өйткені олардың көзқарастары өте қарама-қайшы болып келеді.

Жалпы, жастардың отбасы мен некеге қатысты түсінімділігі қазақстандық қоғамда қабылданған канондармен сәйкес келеді деген қорытынды жасауға болады.

«Зор Рух» қайырымдылық қоры»

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...