12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтық процестік Кодекс уақыт сұранысына сай бейімделуде

Қазақстан – құқықтық жүйесін әлемнің озық стандарттарына сай келтіру үшін тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өрке­ниет­ті елдер тәжірибесін тыңғы­лықты зерделей отырып, бүк­песіз ашық сот жүйесін қалып­тастыру мақсатында келелі шаралар қабылдап келе жатқан ел. Соның ішінде ел заңдарын да халықтың сұранысына сай, сенімді, әділ сот жүйесін құруға бейімдеуде. Осы орайда «Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да көпшіліктің көптен күткен құжаты деуге болады. 

Мәжілісте бекітіліп, Сенатқа жол тартқан заң жобасына енгізілген өзгерістер мен түзетулер сот жүйесін жаңа бір сатыға көтереріне сенім мол! Әсіресе Азаматтық процестік Кодекске сай енді судьялардың еркін болуы сот мамандарының көңілінен шығып отыр. Әділ шешім қабылдау үшін судья дауды жан-жақты, егжей-тегжейлі түсініп, анықтауы қажет. Бұл дегеніміз, судья процестік жағынан еркін болуы қажет. Қандай уәжді немесе дәлелдерді зерттеу керек екенін ол өзі анықтауы тиіс. Бұл біз ашып отырған жаңалық емес, озық дамыған елдердің соттарында қалыптасқан тәжірибе. Азаматтық процестік Кодекске енгізілетін түзетулерге сай судья басы артық әрекеттерден  арылған. Қолданыстағы заңнамада судьяның әрбір әрекеті қатаң регламентке бағындырылған. Талқыдағы заң жобасына енгізілетін түзетулерге сай судья екі тарап ұсынбаған дәлелдемелерді сұрату арқылы ақиқатқа жетіп қана қоймай, процес барысында тараптардың уәждеріне қатысты дауға сай өз пікірін де білдіруге құқығы бар. Яғни заң жобасы сот процесінде әділдікке, ақиқатқа жету жолын біршама жақындата түсті.

Бұрын судья шешім шығару кезінде ақиқатқа жете түскісі келсе де оған еш мүмкіндігі болмайтын. Сондықтан АПК енгізілетін өзгерістер мен түзетулер еліміздегі сот жүйесінің деңгейін көтеріп, сапалық өзгеріс енгізді деп айта аламын.

Срайлов Төребек Тұрапұлы, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының бас маманы, Сот мәжілісінің хатшысы  

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...