Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын әлі бастамағанын жеткіземіз.

ХҚО-лар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана көрсете бастайды.

Қазіргі таңда Алматы қаласында шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету үшін Шұғыла, 347/1 мекенжайында орналасқан бір ХҚО жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді egov.kz порталы арқылы ресімдеген азаматтар дайын болған құжаттарын Әуезов аудандық ХҚО-дан (Жандосов, 51) және мамандандырылған ХҚО-дан (Майлин, 85) алып кете алады. Аталған бөлімдерде тек дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды екеніне баса назар аударуларыңызды сұраймыз. Алматы қаласы үшін ХҚО-лар ашылғанға дейін брондалған кезек жарамсыз.

Алматы қаласы бойынша ХҚО-лардың жұмысының қайта басталуы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және БАҚ-тарда қосымша жарияланатын болады. Өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұраймыз.

Пример героизма и трудолюбия

В ОБЛАСТИ АБАЙ ТОРЖЕСТВЕННО И ШИРОКО ОТМЕЧАЛСЯ ПРАЗДНИК 9...

Проекты, меняющие жизнь 

ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА ЯВЛЯЕТСЯ ОДНИМ ИЗ ПРИОРИТЕТОВ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПОЛИТИКИ И...

Работа над ошибками

В КОНЦЕ АПРЕЛЯ НА ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОМ ЧАСЕ В МАЖИЛИСЕ ПРЕДСТАВИТЕЛЬ...

К важному этапу государственного развития

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ПРАКТИЧЕСКАЯ РЕАЛИЗАЦИЯ НОВОЙ КОНСТИТУЦИОННОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО...

«Келешек мектептері»

ПРОЕКТ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЯВЛЯЕТСЯ ВАЖНЫМ НАПРАВЛЕНИЕМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПОЛИТИКИ В...