12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Досжан ӘМІРОВ, Ақмола облыстық сотының төрағасы:»Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес!»

Кешегі қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, болашақ ұрпаққа азаттық пен бақыт сыйлаған ардагер аталарымыз бен аналарымыз қандай да болсын құрметке лайық. Ендігі біздің міндетіміз осы игілігімізді еселей түсіп, тәуелсіз елдің жалынды ұл-қыздарын тәрбиелеу болмақ!

Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Міне, Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Бұл мәңгілік тарихта қалатын, халықтың жадынан өшпейтін, халықтың қайсарлығы мен ержүректігін паш ететін күн. Осынау сұрапыл соғыстың кесірінен қаншама жанның өмірі қиылып, қаншама отбасы қара жамылды. Ұлы Отан соғысына қаншама ержүрек те батыр отандастарымыз қатысты. Рейхстагка алғаш ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі, қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақтың қос жұлдызы — Әлия мен Мәншүктің ержүректілігі, Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің, Кеңес одағының екі мәрте батыры, жалғыз қазақ ұшқыш – шабуылшы Талғат Бигелдиновтің, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың батырлығы Қазақстан даңқын барша әлемге паш етті. Қазақтың ержүрек батыры, халық қаһарманы, батальон командирі Бауыржан Момышұлы: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деген ұранмен соғыстың зардабын шеккен жауынгерлердің еңсесін көтеріп, жігер берді. Отан оттан да ыстық! Отан үшін аянбай күресіп, жанын пида еткен жауынгерлеріміздің арқасында еліміз бейбіт өмірдің құшағына енді. Азаттық, тәуелсіздік жолында қасық қаны қалғанша күрескен батырларымыздың есімі әрқашан да ел есінде. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен қан майданға Ақмола өңірінен 90 мыңға жуық адам аттанып, соның ішінен 37 мыңға жуық адам соғыстан қайтып оралған, ал соның екіден бірі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кеткендері де бар. Қазіргі таңда ортамызда көзі тірі 36 майдангер ардагерлеріміз бар. Қаншама жерлестеріміз жан аямай тылда қалып, еңбек еткен. Ұлы Отан Соғысына Ақмола – Көкшетау аймағынан 30-ға жуық судьялар өз еріктерімен майданға аттанған. Шайқас даласынан аман-сау оралған судья-майдангерлер соғыстың салдарынан алған жарақаттарына қарамастан, кейінгі өмір жолдарын заң және сот төрелігін жүргізуге арнады.

1941 — 1945 жылдардағы сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында жерлестеріміз бірігіп, жасы да қарты да аянбай жұмыс істеді. Олар майдандағы жауынгерлерге азық-түлік, жылы киімдер және басқа сыйлықтары бар сәлемдемелер жөнелтіп отырған. Күркіреген соғыс жылдары

Көкшетау қаласындағы Мәскеу облысының № 460 Подольск тігін машиналары зауытында әскери бөлімдер үшін гранаталар, миналар мен тұрақтандырғыштар және тігін машинкалары шығарылған.

Алапат соғыс жылдары майдан даласына аттанып, оқ пен оттың ортасында басын қатерге тігіп, жауынгерлердің жігерін көтерген қазақтың өнерлі қыздары – Роза Бағланова мен Шара Жиенқұлованың үлесі зор.

Бүгінгі күні біздің ер жүрек майдангерлеріміз барлық мадақтаулар мен шынайы құрметке лайық.

Сондықтан бүгінгі ұрпақ тыныш та еркін, әрі қауіпсіз өмір үшін қол жеткен тәуелсіздік пен бейбіт заман үшін соғыс ардагерлеріне мың алғысымызды білдіреміз!!!

Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне мәңгілік тағзым етеміз!!!

Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Досжан ӘМІРОВ,

Ақмола облыстық сотының төрағасы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...