МАҚСАТЫ ОРТАҚ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

«Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол көптен тіле!» – дегенді ұрпақ санасына құйып өскен халықпыз. Содан болар, байлықты емес, татулықты ту етіп келеміз. Кең байтақ қазақ даласын Отаным деп түсінетін, болашағын, ұрпағының ертеңін Қазақстанмен байланыстыратын өзге ұлттар үшін де елдегі бірліктің, ынтымақтың орны бөлек. Ал, 1 мамырдың Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып белгіленуі еліміздің теңдікті, татулықты тәу ететінін анық көрсетсе керек.

Ғасырлар бойы жібек жіптей үзілмей, жымдай болып жалғасып келе жатқан татулықтың тамыры тереңде. Тағдырдың жазуымен жаңа ортаға қоныс аударған өзге ұлттар ол күндерді ешқашан есінен шығара қоймас. Уақыт зымырағанмен, тарих ешқашан ұмытылмайды. Оны өзі әзірбайжан болса да «қаным қазақ» дейтін Асылы Осман апамыздың сөзінен, соңғы демі біткенше қазақтың жоғын жоқтаған Герольд Бельгердің естеліктерінен аңғаруға болады. «Бірінші тірегім – ата-анам. Екінші рухани тірегім – қазақтың ауылы. Жақсылықтың бәрін мен қазақ ауылынан алдым. Ол кездегі қазақтар бүгінгіден өзгешелеу болатын. Жүрегі алтын адамдар еді. Үшінші рухани тірегім – кітап. Кішкентайымнан кітапқа әуес болдым. Көп оқыдым. Үш тілде. Мені адам қылған осы менің рухани үш тірегім» – деген Герағаны қазақтар да неміс демейді, жақын тұтады, бауыры санайды.
Сол іштарту, өзге ұлттарға қолдау көрсету бүгінгі күнге дейін бір сәт те тоқтаған емес. Қазақстанда көптеген ұлттардың өз тілінде білім алуына, өз салт-дәстүрін жаңғыртуына еш кедергі жоқ. Керісінше, ұлттық арнадан арнайы хабарлар дайындалып, Қазақстанды мекендеген 130-дан аса ұлт пен ұлыстың көне тарихы, ұлттық киімі, ұлттық тағамы үнемі насихатталып келеді. Қонағын төріне шығаратын қазақы қалыппен өзге ұлттардың үлкен қалалардан мәдени орталықтар, театр ашып, газет-журналдар шығаруына да барлық жағдай жасалған. Қазақша сөйлеген, қазақтың мәселесін көтерген жандарды төбеге көтеру дағдымыз. Өзге ұлттардың оқуына, мамандық алуына, қызметтік сатымен жоғарылауына да бар мүмкіндік жасалған. Өйткені, Қазақстан – зайырлы ел, құқықтық мемлекет. Онда ешкімді ұлтына, тегіне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарай алалауға қақысы жоқ. Халықтар достығының, ұлттар үндестігінің отанына айналған елімізде татулықтың формуласы әлдеқашан қалыптасқан.
Әсіресе, Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы осы бір нәзік мәселенің тиімді шешілуінің тетігі болып отыр. Соңғы кездері ассамблеяның жұмысына пікір айтып, ұсыныс білдіретіндер көп. Себебі, ассамблеяның функциясы өзге ұлттардың базынасын тыңдап, байыпты шешім ұсынумен шектелмеуі керек. Бұл құрылымға жүктеліп отырған міндет қомақты. Мұндағы жұмыс ең алдымен жергілікті халық пен өзге ұлттар арасындағы үндестікті бір арнаға түсіруге, барша адамды бір мақсатқа біріктіруге бағытталуы тиіс. Өзге ұлттардың шыққан тегін, өткен тарихын ұмытпауына жағдай туғызған жөн. Бірақ бұл кеңпейілдік қазақтың дәстүріне шекеден қарауға, қазақы құндылықтарды аяққа таптауға әкелмеуі керек. Бауырларымыз төрге шығаруды төбеге шығару деп түсінбегені абзал. Соған орай сағымға айналып, санадан алыстап бара жатқан тарихи оқиғаларды ұрпақтың жадында жаңғыртып отырған артықтық етпейді. Бұл ұрпақ сабақтастығы, ұлттар бірлігі үшін қажет.
Нұрлан ШЫНТАЕВ

[ratings]

Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді 

Маусым айынан бастап қазақстандықтарды ипотека, зейнетақы, емтихан, әуе рейстері мен коммуналдық тарифтерге қатысты бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Ветеринарлардың жалақысы көбейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техпаспорт енді тек онлайн рәсімделеді 

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын eGov mobile қосымшасы арқылы да алуға болады.

Шекараны жабу Эболадан қорғамайды – ДДСҰ басшысы 

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус елге кіруге қойылатын шектеулер инфекцияның таралуын уақытша ғана баяулатуы мүмкін екенін айтты.

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім көз жұмды 

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім қаза тапты.