Алматы облысында жалпы ұзындығы 17 мың шақырымды құрайтын ирригация жүйесі бар. Бұл — республикадағы ауқымды көрсеткіш. Соған сәйкес өңірде су шаруашылығы саласындағы қалпына келтіру ісі жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен, биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде Алматы облысындағы су шаруашылығының 4 нысаны қайта жаңғыртылады. Олар — Көксу мен Қаратал бөгеттері, Панфилов ауданының Өсек су торабы және Талдықорған қаласының суару желілері. Осы жұмыстарға республикалық бюджеттен 3,662 млрд. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 2300 га суармалы жерді қалпына келтіру жоспарланған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Алматы облысында 2016 жылдан бері суармалы желілерді қайта құру арқылы алаңы 137,8 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру бағдарламасы іске асырылып жатқанын айтты. Бүгінгі күні осы мақсатта облыстық бюджетінен 3,1 млрд. теңге сомаға суару желілерін қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.
2019 жылдан бастап Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу аудандарының суару желілерін қайта жаңғырту жобалары іске асырылуда. Осы төрт ауданда барлығы 35,4 мың га суармалы жер қалпына келтіріледі.
Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін күрделі жөндеу де назардан тыс қалмайды. Жыл сайын су шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеуге 1,5-2,0 млрд. теңге қаражат бөлінуде. Биылғы жылы 11 су шаруашылығы — Райымбек ауданындағы Үкірші магистральды каналы, Жамбыл ауданындағы Достық, Құтырған, Книжевский, Талап Сасықбай су қоймалары, Іле ауданындағы Қызыл ту-1, Қызыл ту-2 тоғандары мен К-32 су қоймасы, Қарасай ауданындағы Октябрь-2 су қоймасы, Талғар ауданындағы төменгі Құтентай су қоймасы, Кербұлақ ауданындағы Енкөл және Арал төбе су қоймалары күрделі жөндеуден өткізіледі.
Сонымен қатар жаңа суармалы жерлерді айналымға тартуды көздейтін «2028 жылға дейін суармалы жерлерді дамыту жоспары» да бар. Соған сәйкес облыста жаңадан 81,8 мың. га суармалы жерлерді іске қосу межеленген. Ол үшін өңірдің 10 ауданында 5 жаңа су қоймасы, ирригациялық жүйелер, сорғы станциялары мен ұңғымалардың құрылыстары және қайта жаңарту жұмыстары жасалмақ.
Сондай-ақ Ұйғыр ауданындағы Сұңқар және Тиірмен су қоймаларын салуға ТЭН әзірлеуге облыстық бюджеттен 41,7 млн. теңге, ал Ескелді ауданындағы Балықты өзенінде су қоймасы құрылысына ТЭН әзірлеуге 32,5 млн. теңге бөлінді. Сарқан ауданы Басқан өзеніндегі Покатиловка су қоймасын салу мақсатында «Энергомост» ЖШС инвесторы 128,0 млн.теңгеге ТЭН әзірледі. Қазір жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Ақсу ауданы
Бүйен өзеніндегі су қоймасының құрылысы үшін ТЭН әзірлеу үшін бастапқы деректерді жинау жұмыстары жүргізілуде.
Тағы бір атап өтерлігі, бүгінгі күні 5,9 млрд. теңгеге Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Суармалы алқап алаңын 6900 гектарға дейін ұлғайту үшін құны 8,5 млрд. теңге болатын суару желілерін салудың жобалық-сметалық құжаттары дайын