12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соттасқаннан татуласқан тиімді

Әлемді алаңдатқан індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Коронавирустың қатерімен бетпе-бет келмеген, залалын көрмеген ел жоқтың қасы бүгінде. Күн санап кеселді жұқтырғандар қарасы көбейіп жатқан тұста әр мемлекеттің шекарасын жауып, тәртіпті қатайтып, қалыптасқан дағдыға өзгеріс енгізіп жатқанын көзіміз көріп отыр. Мұндай шаралар ел іргесін сақтау үшін, халықты жаппай тараған індеттен қорғау үшін керек.

Коронавирустың таралуына тосқауыл қою үшін барлық сала жұмыс ырғағын өзгертіп, аурудың алдын алудың жан-жақты амалын жасап жатыр. Соның қатарында отандық сот жүйесі де бар. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов төтенше жағдай жарияланған алғашқы сәттен-ақ сот жұмысын қашықтықтан жүргізуге бастама көтерді. Бұл жаңа технологияны жетік меңгерген, виртуалды соттың қыр-сырына қаныққан құрылым қызметкерлері үшін қиындық туғыза қойған жоқ. Өйткені «Төрелік», «Сот кабинеті» сервистері соңғы жылдары сот ғимаратына келмей-ақ арыз-шағым, өтінішті үйде, кеңседе отырып жолдауға, құжат айналымын сырттай бақылауға мүмкіндік туғызған болатын. Одан бөлек, керекті анықтамаларды да осы сервистердің көмегімен басып шығаруға болады. Сондай-ақ, бейнеконференц байланыс арқылы сот отырыстарын өткізуге де сот қызметкерлері әбден төселген. Тіпті соңғы жылдары аудан, аймақ тұрмақ, шетелде жүрген куәгерлердің арнайы бағдарлама көмегімен сот отырысына қатысуына да толық жағдай жасалған еді. Содан болар, республика соттарының ешқайсысы жаңа өзгеріс кезінде абдырап, жұмысын ақсатқан жоқ. Бірақ, дәл бүгінгідей сындарлы шақта соттасып, дау қуғаннан, татуласып, бірлігімізді, жүйкемізді сақтаудың анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріп жатудың өзі артық.

Бүгінгідей төзім мен сенім сыналған шақта соттаспаудың жолы қайсы? Әрине, еліміздің Ата заңы азаматтардың құқығы мен бостандығының күмәнсіз кепілі болып қала береді. Сондықтан құқығы бұзылған жандардың ісі әділ таразыланатынына ешкімнің күдігі болмауы тиіс. Дегенмен, дәл қазіргі жағдайда дауды ашумен емес, ақылмен шешіп, кикілжіңді көбейтпей, кешірімді болудың пайдасы аз емес. Өйткені сот процесі бір күнде шешілмейді. Айға, жылға созылатын дауласу кезінде азаматтар уақыт жағынан да, қаржы жағынан да ұтылады. Екіншіден, істердің көбеюі онлайн режиміндегі жүктемені еселеп, сот процестерінде техникалық ақаулардың туындауына ықпалын тигізуде. Осыған орай, бүгінгідей қиын-қыстау кезде азаматтар соттасудың орнына, барлық мәселені татуласып, мәмілеге келу арқылы шешсе дейміз.

Индира Абекова,

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...

Досудебный порядок урегулирования спора

С 2016 года в Казахстане стала применяться практика предварительного...