12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүрегі ізгі жандармен өмір жеңіл

Жүнісова Назгүл Болатбекқызы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы филиалы Түрксіб аудандық фронт-офисі басшысының орынбасары. Салада жұмыс істеп жүргеніне 6 жылдың жүзі болыпты. Жұмысты филиалдың кадр бөлімінен бастаған ол, күнделікті жұмысы қайнап жататын Мамандандырылған ХҚО-да инспектор, одан әрі бөлім басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Осы жылдың басында аудандық фронт-офис басшылығын тәжірибе алмасу мақсатында  бір-бірімен ауыстыру үдерісімен Түрксіб ауданына барған.

Назгүл Болатбекқызы мұнда да әдеттегі белсенділігіне басып, ұжымның қызмет көрсетуден басқа да қосымша қоғамдық жұмыстарын мойнына алды. Қимылды, ұмтылысты, тіршілікті жақсы көретін ол, Алматыдағы ЖОО-лар мен колледждерде, мекемелер мен ұйымдарда цифрлық қызмет алуды үйрету жұмыстарына кірісті.Аптасына 3-4 мекемені межелеп, оқытулар мен акциялар ұйымдастырып жүргенде, еліміз карантинге тап келді. Енді, ол өзінің достарымен еріктілер ұйымын құрып, қалталарынан қаражат шығарып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге кірісті.

Әзірге тізімінде 15 отбасы бар. Әрқайсысына отбасы мүшелерінің санына қарай азық-түлік апарып беруде. «Мұндай іс әрқайсымыздың азаматтық борышымыз ғой. Осындай қиын кезде бір-бірімізге қол ұшын созып, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандардың аз да болса қажетіне жарасақ, біздің миссиямыздың орындалғаны», — дейді Назгүл.

Иә, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Назгүл сынды жүрегі ізгілікке толы, дем беретін, рух пен күш беретін қайырымды жандар тұрғанда, еліміздің басындағы ауыртпалықты да оңай еңсеретініміз сөзсіз.

 

Порядок начинается с каждого 

В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА БЛАГОДАРЯ СОЦИАЛЬНЫМ...

Стратегический прорыв в АПК

Реализация крупных инфраструктурных проектов в агропромышленном секторе Туркестанской области...

Высокий порог ответственности

ПРЕДСТАВЬТЕ СЕБЕ СИТУАЦИЮ: ВО ВРЕМЯ ДВИЖЕНИЯ АВТОБУСА К ВОДИТЕЛЮ,...

В центре реформы – человек

КОМИССИЯ ПО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ПРЕДСТАВИЛА ПРОЕКТ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ, НАПРАВЛЕННЫЙ НА УКРЕПЛЕНИЕ ПРАВ И СВОБОД ГРАЖДАН И ПЕРЕРАСПРЕДЕЛЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МЕЖДУ ВЕТВЯМИ ВЛАСТИ.