«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы «Біз біргеміз» акциясы аясында мұқтаж отбасыға 12 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетті

Республикалық «Біз біргеміз» акциясының аясында «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы 793 мұқтаж отбасыға көмек берді. Төтенше жағдай кезеңінде. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күресті күшейту мақсатында халыққа көмек көрсетуге бағытталған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы басталған болатын.

Партия филиалының мәліметіне қарағанда, партия мүшелерінің, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен құны 12,3 млн. теңге болатын азық-түлік пен жеке гигиена құралдары сатып алынды. Партияның аймақтық филиалдары, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобасының аясында жалпы саны 793 отбасыға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және азық-түліктермен көмек көрсетілді.

Атап өтсек, облыста «Біргеміз, Жетісу» қайырымдылық қоры құрылып, қор жұмысы өңірдегі халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қажетті көмек көрсетуге бағытталған.

 

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...