Мемлекет басшысының өзі халықты Төтенше жағдай кезінде сабыр мен тәртіпке шақырып отырғаны белгілі. Бүгінгі күні жаппай республика көлемінде енгізілген Төтенше жағдайға орай Алматы облысы да күшейтілген режимге орай жұмыс істеуде. Рас, өңірде тәртіпке бағынбай тәртіп бұзғандар да кездесуде.
Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында төтенше жағдайдың енгізілгеніне қарамастан, карантиндік режимге байланысты Алматы қаласы аумағына 2020 жылдың 22 наурызы 00:00 сағаттан бастап кіруге рұқсат етілмегендігі туралы өткізу жүйесінің мемлекеттік органмен белгіленген режимін бұзған Алматы облысының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотпен анықталғандай, құқықбұзушы Қарасай ауданында тіркелген, бірақ оның сөздерінен оны блок посттан өткізбеген, содан кейін қаланың шекарасын жаяу кесіп өтіп, Алматы қаласындағы тұрып жатқан жеріне жетпекші болған. Сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы, 1-бөлігі- «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 26 510 теңге көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі