12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мәдениет – елдің мәйегі

Көк тәңір мен жер ананың арасын мекендеген екі мыңнан астам ұлт  пен ұлыстың, 194 інде ғана мемлекеттік бар. Соның бірі де бірегейі мәдениеті мәуелі, егеменді қазақ елі. Жер шарын мекендеген 7 млрд.  халықтың барлығының өзіндік орны мен мәдениеті, асқақ арманы мен ұшқыр ойы, мақсаты мен мүддесі бар. 130 ұлт пен ұлыстан құрылған небәрі 18 млн. қазақтың осындай бәсекелестікке бейбітшілік жолмен төтеп беруі үшін адамға қаншама күш жігер мен ақыл парасат керек.

«Мемлекет басқару өнері — өнер атаулының ұлысы» деп Демокрит айтса, айтқандай-ақ. Бүгінгі күнге дейін бар білімін сарп еткен ел басқарған көсемдеріміз болмағанда дәл бүгінгідей тәуелсіздіктің салтанат құруы мүмкін бе еді?  Ел Тәуелсіздігін нығайту жолында  Елбасымыздың еңбегі ерен екенін әлем жақсы біледі. Бүгінгі күнгі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқавтың да әлем саясатындағы орынының ерекше екені еліміздің болашақ бағы мен ырысы екеніне сенім мол.

Қойыны кенге толған жер анамызға иелік ету, даласы дәнге, баласы әнге құмар ұлы дала ұрпағының рухын түсіруге әркім де құмар. Рухы жоқ ұлттың, өзі де жоқ. Ұлтымызды айшықтайтын мәдениет саласының бүгінгі қоғамдағы орны мен маңызы мүлде бөлек. Жаһандану заманына қарсы тұратын бірден-бір рухани күш болса — ол мәдениет деп ұялмай айтуға болады.

Бүгінгі таңда 2 млн. халқы бар Алматы облысында мәдениет, архив  мекемелерінің желісі  577 нысанды құрайды. Оның ішінде: 247 мәдениет үйлері мен клубтар,  278 кітапхана, 25 музей, 2 галерея, 20 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері бар…

Барлығы 88 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 1463 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi.

Мәдениет және архив саласындағы штат саны – 3359 құрап отыр. Ел мәдениетін асқақтату мақсатында жыл сайын мәдениет нысандары күрделі жөндеулерден өткізіліп, материальдық-техникалық базалары нығайтылып келеді. Биылғы жылы 6 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және 5 құрылыс нысандарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттарына, 6 мекемеге күрделі жөнду жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарына  қаржы бөлініп отыр. Қазақстан халқының мәдени саясатының Тұжырымдамасы негізінде жас мамандар жұмысқа алынып, жаңа форматтағы шаралар саны жыл сайын артып келеді. Биылғы жылдың өзінде 128 штат бірлігі беріліп, халықққа мәдени қызмет көрсету сапасы артып отыр. Облыс бүлдіршіндерінің өнерін ұштау мақсатында облыс әкімінің қолдауымен 16 жыл бойы жалғасып келе жатқан «Жетісу жұлдыздары» байқауы халық іздейтін шараның біріне айналды.

Сондай-ақ үш жылдан бері өтіп келе жатқан ауылдық мәдениет үйлерінің байқауы биылдан бастап жаңа форматта өтеді. Бұл шараға ауылдық кітапханалар мен музейлер де қатысатын болып отыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 26 жоба өз жұмысын атқарып келеді. Жыл басынан Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басқармасының жұмыс жоспары бектіліп, ауқымды шаралар басталып та кетті.

Атап айтар болсақ 2020  жылғы 5 ақпан  күні Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылының мәдениет үйінде Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден ХІІІ «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»  облыстық әншілер байқауы екі номинация (эстрадалық, дәстүрлі ән) бойынша өтті. Байқауға 17 аудан, 3 қаладан барлығы 40 үміткер қатысты. Байқаудың аймақтық іріктеу туры онлайн түрде өткізілді. Облыстық байқауға 18  үміткер жолдама алып,          12 өнерпаз ақтық сынға өтті.  Нәтижесінде барлық үміткерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Б.Римова атындағы драма театры М.Әуезовтің «Абай» спектаклін қойып, көрерменге ұсынды.

Сондай-ақ, Жетісу ақын жазушыларының шығармашылығын дамыту, Ұлы абай бабамыздың рухын аспандату мақсатында «Абайға арнау» облыстық мүшәйрасы жарияланып, жақын арада жеңіпаздар анықталады. 200 ге жуық шығарма түскен бұл мүшәйра «Адамзаттың Абайы» атты жинақ болып шығарылатын болады. Бүгінгі күнде балаларға арналған әдеби шығармалар жоқтың қасы. Осы мақсатта «Жетісу әдебиеті» жобасы қолға алынып, балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, әңгімелер жинағын шығару үшін байқау жарияланып, шығармалар жинақталып жатыр. Сәуір айының яғына қарай көрермендерге жол тартатын болады. Ұлы бабамыздың құрметіне «Сурет әлеміндегі Абай бейнесі» атты облыстық Суретшілер байқауы жарияланып, жақын күндері қорытындысы шығарылады деп күтілуде. Аналар күні мерекесіне орай балалар шығармашылығын дамыту үшін «Менің анамның бейнесі» атты жас суретшілер байқауы өтіп, өз жеңіпаздарын анықтады. Дала пайғамбары Абай атамыздың құрметіне облыс орталығы Талдықорған қаласында ескерткіш орнату жұмастары да лайықты атқарылуда. Әлем ойшылы, ӘЛ-Фарабидің 1150, Ұлы Жеңістің 75 жылдықтарына орай спектакльдер қойылып, Отан соғысы ардагерлеріне арналған 237 ескерткіштің 114-іне  жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы мен «Алатау әуендері» МКҚК қаңтар айын дәстүрлі музыка айы, ақпан айын классикалық музыка айы етіп жариялап, бекітілген жоспар негізінде түрлі форматтағы концерттер ұйымдастырып, ел көңілін көтерді. Қазақстан Республикасы мәдени саясатының 2020-2030 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бойынша мамандардың білімін жетілдіру ісі күн тәртібінен түскен емес.

Бұл мақсатта Республикалық «FORMAT E» мәдени-даму  оқу-әдістемелік орталығының Алматы облысы бойынша мәдениет қызметкерлеріне арналған облыстық семинар-тренингі өтті. Бұл семинарда Мәдениет үйлерінің директорлары, клуб меңгерушілері, көркемдік жетекшілер, музыка жетекшілері, әдіскерлер (мәдени ұйымдастырушылар), би ұжымдарының жетекшілері, халық театрларының режиссерлері,  кітапхана,  музей саласынан жалпы 162 маман қатысты.  Семинарға лектор ретінде Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына атсалысып жүрген клуб, кітапхана, музей салаларының кәсіби мамандары, жоғары деңгейдегі ұстаздармен мәдениет, өнер қайраткерлері 3 күн бойы теория, практика жүзінде жалпы лекциялық және секциялық дәріс беріп, шеберлік сағаттарын өткізді.

3 күнге жалғасқан шара қорытындыланып, арнайы сертификаттар табыс етілді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде жер жаннаты Жетісу өлкесінің өткен тарихымен таныстырар «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің экспонаттары негізінде «Ұлы даланың сақ өркениеті» атты көрме безендірілді. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат —  ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы рухани байлықтарын жаңғырту, тарихын жеттік білетін, елін, жерін сүйетін, патриот азаматтарды қалыптастыру. Көрме экспозициясында сақтардың ата қонысы болған қазіргі Жетісу өңірінен қазба жұмыстары нәтижесінде табылған  темір дәуірі кезеңіне жататын әшекей бұйымдар мен қару түрлері, тұрмыстық заттар, ғұрыптық ыдыстар және т.б. жәдігерлер ұсынылды. Көрме 19  ақпаннан 10 наурыз аралығында  қала тұрғындарына таныстырылды. Жас ұрпаққа бүгінгі өнер адамдарымен таныстыру, айтыс өнерін насихаттап, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың 60 жас мерейтойына орай «Ақындар сөзі тәрбие көзі» атты кеші өтті.
Облыс әкімінің қолдауымен жыл сайын «Жетісудың 100 томдық кітапханасы» сериясымен шығарылып келе жатқан жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен мен ынтыландыру мақсатындағы степендиялар өз ретімен жалғасатын болады.

Баршамыздың жүрегімізден шығатын осындай шаралардың өскелең ұрпақ алдында атқарар қызметі зор. Бабалармен балалардың табысуы,  рух үндестігі. Өткен күннен күл емес, шоқ алатын болсақ, лапылдап жанып, ұлдарымыз шоқ, ұрпағымыз көп болатынына сенім мол. Бұл міндеттерді алдыға апару үшін еселі еңбек ету баршамыздың ортақ парызымыз.

Қуаныш Ермекова

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...