12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ерікті болу үлкен ерлік!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп атау туралы бастама көтерген болатын. Ондағы басты мақсат – ерікті қызметке жастарды тарта отырып, қоғамда белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру болатын. Жолдауда аталып өткендей азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін мойындауымыз керек. Бүгінде күн санап оған көзіміз жетіп келеді. 

Ерікті дегеніміз кім? Ол — әрбір жастың, әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесі. Бұл – жастардың бойында азаматтық позицияны, потриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі. Ерікті болу арқылы біз жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақыратын бірден-бір платформа деп айтсақ болады. Жалпы дүние жүзінде еріктілердің әрекеті кең тараған. Дерек бойынша олар  әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналған. Мәліметтерге сәйкес,  бүгінде әлем бойынша  1 млдқа. жуық адам ерікті болып табылады екен. Ал Қазақстанда 16 мың төңірегінде көрінеді. Алдағы уақытта еріктілердің санын одан да көбейту басты мақсат болып отыр. Өйткені олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор! Мәселен әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі екен. Бірқатар  елдерде ерікті болу қалыптасқан жағдай,  және олар қоғам тарапынан үлкен құрметке ие. Себебі, жұрт оларды ерекше сыйлайды, құрметтейді.

Осы орайда атап өтер жайт, мемлекет басшысы «Еріктілер жылы» қазақстандықтар адамдарға шын ниетімен көмектесіп, оны науқанға айналдырмау қажеттігін айтқан болатын. Бүгінде әлемдік пандемияға арналған коронавирус індеті кезінде де еріктілердің иглігін айтарлықтай көріп жатырмыз. Ешқандай науқансыз-ақ көптеген жастар өз көмегін ұсынып, тезірек індеттің бетін қайтаруға көмектесуде. Жастардан құралған, медициналық білімі бар, көптеген жастар бүгінде әлемді қорқытқан індетке қарсы халықпен бірге күресуде. Осыған қарап-ақ мемлекет басшысының көреген саясатының жемісін дер кезінде көріп отырғанымызды байқаймыз. Алдағы уақытта еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім мол. Әрбір қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ екеніне сенеміз.

Қыдырмұратова Гүлнар, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...