12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тараптарға тиімді тәсіл — татуласу

Қазіргі таңда татуластыру әрекеті мәселелеріне көп мән берілуде. Себебі құқықтық дауларды соттан тыс шешудің маңыздылығы соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің жоғарғы органдарының басшыларының сөздерінде атап айтылып жүр.

Себебі, дауды сотсыз шешу бабалар мұрасында бұрыннан бар үрдіс. Бабаларымыз «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса -төбедегі келеді» деп, ұрпағын бесікте жатқаннан-ақ бірлік пен татулыққа тәрбиелеген. Ұлан ғайыр қазақ даласында түрме де, сот та болмаған. Дау біткенді ауылдың аузы дуалы ақсақалдары мен билер шешіп, үкімін кесіп отырған. Яғни, дауласушылар кез келген келіспеушілікте билер сөзіне жүгініп, олардың шешімін бұлжытпай орындаған. Халқымыз қай заманда да елдің ата дәстүрін заңмен теңестіре құрметтеген. Қазіргі уақыт талабы да дау-дамай шешуде осындай оңтайлы шаралардың қажеттігін дәлелдеп отыр.

Бабалар жолы, бітімгершілік институтын дамытуда ұлттық құндылықтарымызға бетбұрыс жасалып, ҚР Медиация туралы заңы қабылданды. Азаматтық процестік кодекстің бір тарауы түгелдей татуластыру институтына арналды. Дауды соттан тыс реттеудің тиімді тәсілдері заңнамалармен бекітілді. Осылайша елімізге медиацияны дендеп енгізу шаралары жан-жақты қарастырылды. ҚР Жоғарғы Соты тарапынан бұл тұрғыда тың бастамалар көтеріліп, түрлі пилоттық жобалар жүргізілуде. Атап айтқанда, “Дау-жанжалды сотқа дейін реттеу”, «Татуласу: сотқа дейін, сотта», т.б. пилоттық жобалар жүзеге асуда. Еліміздің барлық аумағында сотсыз татуласу орталықтары ашылды. Азаматтық процесстік кодекс нормасына сай бүгінде медиацияға кәсіби немесе кәсіби емес медиаторлармен қатар судьялар да кеңінен араласа алады. Істі басқа судьяға беру немесе тараптардың талап-арызы бойынша істі қараған судьяның медиацияны жүргізу құқығы бар. Соттарда арнайы келістіруші судьялар қарастырылған. Мұның бәрі дауларды соттан тыс реттеу аясы кеңіп, бітімгершілік рәсімдерін қолдану тетіктері артқанының көрінісі.

Ең тиімдісі медиацияда ұтқан не ұтылған жақ болмайды, азаматтардың араздықты өзара келісіммен бітіруіне барынша жағдай жасалады. Бітімгершілік рәсімдерінің басты мақсаты тараптар татулығын сақтап, сот жүктемесін төмендету. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық инстанциялардың соттарында соттың кеңесу бөлмесіне кетуіне дейінгі сот талқылауының кез-келген кезеңінде, сонымен қатар, сот актісін орындаған кезде жасалуы мүмкін және ол сотпен бекітіледі. Татуласу келісімі жазбаша жасалады. Татуласу келісімін оны жасасқан

адамдар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды. Егер ерікті түрде орындалмаған жағдайда татуласу келісімін жасасқан адамның өтініш хаты бойынша атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Дау-жанжалды татуласу тәсілдерімен бітірудің тиімділігіне сотқа жүгінушілер көзі күн өткен сайын жетуде деуге толық негіз бар. Бұған медиациямен бітетін істер санының артуы дәлел. Әсіресе, медиация деңгейі отбасылық дауларда жоғары көрсеткішке ие. Дауды өзара келісіммен бітірудің ең алдымен өздері үшін тиімді екенін тараптардың көбісі сот отырысы барысында, яғни, медиацияның артықшылықтарына көз жеткізуде түсінеді. Тәжірибеден байқағанымыз, азаматтарға медиацияның мүмкіндіктерін жан-жақты насихаттау шаралары әлі де жетілдіруді қажет етеді. Олай дейтініміз, тараптардың көпшілігі татуласу, бітімге келу, дауды келісіммен бітіру шараларының заңмен нақтыланғанын сотқа келгенде ғана біліп жатады. Судьялар тарапынан бұл тұрғыда атқарылып жатқан шаралар көп. Дегенімен, елде медиацияның кеңінен қанат жаюына әрбір заңгер мен медиатор, тиісті мамандар тыңғылықты атсалысса нұр үстіне нұр болар еді.

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Дуанбекова К.К.

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...