12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қарқынды өсім: көлік иелері автоХҚО орнына онлайн қызметтерді таңдайды

Автокөлік құжаттарын электронды түрде рәсімдеген қазақстандықтар саны күрт өсті. Электронды үкімет порталы арқылы көлігін тіркеп, жүргізуші куәлігін ауыстырған жүргізушілер онлайн жүйенің тиімді әрі пайдалану жеңіл екенін айтады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының статистикалық деректеріне сәйкес, 2019 жылы онлайн әдіспен рәсімделген жүргізуші куәліктерінің саны бірден 8 есе, ал қайта тіркеуге қойылған автокөліктер саны 20 есе артқан.

Мысалы, 2018 жылы жүргізуші куәлігін онлайн түрде 19 409 қазақстандық рәсімдесе, былтырғы жылы жүргізуші куәлігін электронды өтініш арқылы ауыстыруды қалағандар саны 153 мыңнан асты. Сондай-ақ онлайн түрде көлікті қайта тіркеуге қою қызметтерінің көрсеткіші де жоғары болған: 2019 жылы бұл қызмет 100 мың рет пайдаланылса, 2018 жылы бұл көрсеткіш тек 5 мыңды құраған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың дені ХҚО-ға бармай-ақ, қызметті өз бетінше алуды қалайды. «Қызметтерді онлайн алу – бүгінде өзіндік трендке айналды. Азаматтарымыздың электронды түрде қарапайым анықтамаларды ғана алып қоймай, онлайн автокөлік қызметтеріне сұраныс білдіріп жатқаны қуантады. Олар цифрландырудың барлық артықшылығын лайықты бағалап, қызметтерді мамандандырылған ХҚО-дан гөрі электронды үкімет порталынан жиі ала бастады», – дейді басқарма төрайымы.

Көлігін онлайн түрде тіркеген тұрғынның бірі – қарағандылық Қайырбек Қорабаев. Көлікті сатушы тарап Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, көлікті электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеу – жол мәселесін шешіп, автоХҚО кезегінде тұрмаудың таптырмас тәсіліне айналды.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының

баспасөз қызметі

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

2024 жылы 14 қараша ҚАЖ Департаменті #3 мекемесіне Дінді...

Соңғы аялдама

Үйдің қос қабырғасына телміре қарап, қалың ойдың қамауынан шыға...

Сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысы

Мінекей, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30...

Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне...

Пробация есебіндегі жастар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтар...