Қазақстанның агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 34,7 пайызға өсті 

Қазақстан биыл тоғыз айда 6,4 млрд доллардың агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7 пайызға жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 4,8 млрд долларды құраған.

Қазақстан сыртқы саудада шикізатпен қатар қосылған құны жоғары өңделген өнімдердің үлесін арттыруға басымдық беріп отыр. Атап айтқанда, күнбағыс майы, ұн және мал азығы өнімдерінің экспорты айтарлықтай өскен.

Биыл тоғыз айда:

  • Күнбағыс майының экспорты 470,9 мың тоннадан 661,5 мың тоннаға дейін өсіп, экспорттық түсім 731,4 млн долларға жетті;
  • Ұн экспорты 1,3 млн тоннадан 1,59 млн тоннаға дейін артып, түсім 462,2 млн долларды құрады;
  • Мал азығы өнімдерінің экспорты 2,02 млн тоннадан 2,85 млн тоннаға дейін ұлғайып, түсім 662,3 млн долларға жетті.

Сонымен қатар астық экспорты да жоғары деңгейде сақталып отыр. Есепті кезеңде Қазақстан шетелге 6,2 млн тонна бидай мен меслин экспорттап, 1,42 млрд доллар табыс тапқан. Былтыр осы кезеңде 5,5 млн тонна өнім 1,12 млрд долларға сатылған еді.

Ал зығыр тұқымының экспорты 881,7 мың тоннаны құрап, одан түскен түсім 429,3 млн долларға жетті.

Министрліктің мәліметінше, өңделген өнімдер экспортының артуы отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуеті кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге, қосылған құны жоғары өнім өндіруге және қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және экспорт құрылымын әртараптандыру еліміздің аграрлық саясатының стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала береді.

АҚШ-тағы инфляция алтын бағасының құлдырауына әсер етті 

Күміс 5,4%-ға, платина 4,1%-ға, палладий 3,2%-ға төмендеді.

Елімізде тұмаудың қай түрі өршіп тұр?

Министрліктің мәліметінше, кейінгі бір аптада елімізде ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 жағдай анықталған.

Қытай көліктері Қазақстан нарығын өзгертті: Отандық автоөндірісті не күтіп тұр? 

Қытайлық брендтердің бәсекесі күшейген тұста Қазақстан автоөнеркәсібін не күтіп тұр және отандық өндіріс қалай дамуы мүмкін?

Дәмханалар мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады 

Жүйе мекемелерде қай әннің қанша рет орындалғанын тіркеп, авторлар мен орындаушыларға тиесілі сыйақыны есептеуге мүмкіндік береді.

Қар аралас жаңбыр жауады: Қазақстанның алты өңірінде жол жағдайы күрделенуі мүмкін 

25 қарашада Қазақстанның алты облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.