Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Енді 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер бірыңғай базаға жинақталады. Ал сабақтан жүйелі түрде себепсіз қалатын оқушылар жөніндегі ақпарат ішкі істер органдарымен келісіліп, ай сайын жаңартылып отырады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Балалар туралы мәліметтер бірыңғай базаға енгізіледі

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, жергілікті білім басқармалары мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды бірыңғай есепке алады. Мәліметтер ұлттық білім беру базасы негізінде қалыптастырылады. Оған баланың аты-жөні, ЖСН-і, туған күні мен тұрғылықты мекенжайы енгізіледі.

Базаға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, колледж студенттері, біліммен қамтылмаған және денсаулығына байланысты оқуға жатпайтын балалар туралы ақпарат енгізіледі. Сонымен қатар сабақтан дәлелді себепсіз жүйелі түрде қалатын оқушылар да есепке алынады. Сабаққа тұрақты қатыспайтын балалар туралы мәліметтер ішкі істер органдарымен ай сайын келісіледі. Ақпарат ұлттық білім беру базасына әр айдың 10-на дейін енгізілуі керек, — делінген хабарламада.

Буллиң туралы хабарлама бір жұмыс күні ішінде тіркеледі

Өзгерістер мектептегі буллингтің алдын алу тәртібіне де қатысты. Енді білім саласындағы жергілікті атқарушы органға әлімжеттік туралы ақпарат түскеннен кейін оны бір жұмыс күні ішінде тіркеу міндеттеледі.

Мектептер буллиңге қатысқан балаларға психологиялық қолдау көрсетуге тиіс. Ол үшін жәбірленген баланы әлеуметтік оңалту және әлімжеттік жасаған баланы әлеуметтік бейімдеу бойынша жеке жұмыс жоспары әзірленеді. Егер мектепішілік есепке алынған баланың мінез-құлқында алты ай ішінде оң өзгеріс болмаса, тиісті материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі, — делінген хабарламада.

ҚР ІІМ Ювеналды полициясының мәліметінше, жыл басынан бері елде буллиңге қатысты 355 дерек анықталған. Осы фактілер бойынша ата-аналар жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылыққа жол берген мектеп қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізіледі.

Жаңартылған қағидалар 2026 жылғы 21 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет «AI-Quryltai» жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді. Жаңа құжат балаларды цифрлық және ақпараттық ортадағы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған.

Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.