Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ. Мұндай жүктеме табыс деңгейіндегі гендерлік алшақтыққа да әсер етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Finprom.kz дерегіне сілтеме жасап.

Ерлер мен әйелдер арасындағы еңбек жүктемесінің біркелкі бөлінбейтінін 2025 жылғы Ресей мен Орталық Азия елдеріне қатысты деректерден байқауға болады. Өңірде ерлер аптасына орта есеппен 40 сағат жұмыс істеген. Оның 30 сағаты экономикалық қызметке, ал қалған 10 сағаты ақы төленбейтін үй шаруасына жұмсалған.

Ал әйелдер аптасына орта есеппен 53 сағат еңбек еткен. Бұл ерлерге қарағанда үштен бірге көп. Алайда осы уақыттың тек 21 сағаты ақылы еңбекке тиесілі болса, қалған 32 сағаты ақы төленбейтін үй шаруасына кеткен. Жалпы еңбек жүктемесін есептегенде, өңірдегі сағаттық табыс бойынша гендерлік айырмашылық 51 пайызға жеткен. Яғни әйелдер жалпы еңбекке жұмсаған әр сағаты үшін ерлердің табысының шамамен жартысын ғана алған.

Мұндай жағдай Қазақстанға да тән. Отбасылардағы уақыттың нақты қалай бөлінетінін Ұлттық статистика бюросының іріктемелі зерттеу нәтижелері көрсетеді. Үй шаруашылықтарындағы ерлер мен әйелдердің әртүрлі қызмет түрлеріне қанша уақыт жұмсайтыны туралы зерттеу бес жылда бір рет жүргізіледі. Соңғы зерттеу 2024 жылы өткізілген.

Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы ерлердің ақылы жұмысқа әйелдерге қарағанда көбірек уақыт бөлетінін көрсетеді. Атап айтқанда, ерлер күніне орта есеппен 9 сағат 7 минут жұмыс істесе, әйелдерде бұл көрсеткіш 7 сағат 57 минутты құрайды.

Алайда жұмыс күні аяқталғаннан кейін үй шаруасындағы міндеттердің бөлінісі айтарлықтай өзгереді. Ерлер ақы төленбейтін үй жұмысына күніне орта есеппен 42 минут жұмсаса, әйелдер 2 сағат 15 минутын арнайды. Осылайша, әйелдер үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт бөледі.

Атап айтқанда, әйелдер күніне шамамен бір жарым сағатын тамақ дайындау мен ыдыс жууға жұмсайды. Тағы 19 минутын үй жинауға, кір жууға және киім үтіктеуге бөледі. Ал жарты сағатқа жуығы балаларға үй тапсырмасын орындауға көмектесуге кетеді.

Бұл айырмашылық демалыс күндері одан әрі айқын байқалады. Жұмыс істейтін әйелдер үй шаруасына бес сағаттан астам уақыт жұмсаса, ерлер орта есеппен 2 сағат 16 минут бөледі.

Осылайша, ақылы жұмыс аяқталғаннан кейін де үй шаруасы әйелдердің уақытының едәуір бөлігін алады. Нәтижесінде олардың жалпы еңбек жүктемесі айтарлықтай жоғары болады. Алайда бұл еңбектің басым бөлігі үшін ақы төленбейді.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет «AI-Quryltai» жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді. Жаңа құжат балаларды цифрлық және ақпараттық ортадағы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған.

Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.