Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Үкіметте өткен білім беру саласын цифрландыру жөніндегі кеңесте премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев осындай тапсырма берген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үкімет мәліметінше, биометриялық жүйе екі міндетті шешуге тиіс. Біріншіден, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейтеді. Екіншіден, оқушылардың сабаққа қатысуын автоматты түрде тіркейді.

Сонымен қатар оқу-ағарту министрлігі «Қазақтелекоммен» бірлесіп, өңірлерді ұлттық білім беру платформасына кезең-кезеңімен қосуды бастайды. Платформа білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға арналған.

Балабақшадағы әр балаға бөлінетін қаржы есептеу тәртібі өзгереді

Үкімет мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру тәртібін де қайта қарайды. Осы мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырысының құнын есептеудің бірыңғай әдістемесі енгізіледі.

Жаңа тәртіп бойынша әр балаға бөлінетін қаржының негізгі мөлшері ел бойынша ортақ болады. Ал өңірлердің ерекшеліктерін ескеру үшін оған түзету коэффициенттері қолданылады. Олар жергілікті шығындарды, жалақы деңгейін және әр аймақтың өзге де ерекшеліктерін есепке алуға тиіс.

Еске салайық, 2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Елімізде кәсіпкерлерге лицензия беру тәртібі өзгерді

Қазақстанда бизнеске арналған кейбір лицензиялар мен рұқсат автоматты түрде беріле бастады. Бұрын лицензия алу үшін 15–30 күн күту керек болса, енді оны жылдам ала аласыз.

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде сегіз сатыға көтерілді 

Халықаралық EF Education First білім беру компаниясының жаңа деректеріне сәйкес, Қазақстан 424 балл жинаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 417 балл болған. Ал былтыр рейтингте 104-орында тұрған Өзбекстан биыл 101-сатыға жайғасты.

АӘК алу қиындай ма? 2027 жылдан бастап не өзгереді? 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау және төлеу қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Желтоқсандағы демалыс: Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады? 

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады? 2026 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда...

Астанада екі жасөспірімнің өлімі: Оқиға туралы не белгілі? 

Астанада екі жасөспірімнің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. BAQ.KZ тілшісі оқиға...