АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға, жастардың рухани тәрбиесін жетілдіруге және білімге құштарлығын арттыруға ерекше мән беріп келеді.
Жуырда Алматы қаласы Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Азамат Нұғманұлы Алматы қаласындағы балалар колониясындағы жасөспірімдер арасында «Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол сотталған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамалары туралы және кітаптың адам өміріндегі маңызы жайлы әңгімеледі.
Сонымен қатар жазасын өтеуші балалар да оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнымен бөлісіп, имаммен пікір алысты.