Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

1936 жылы небәрі 30 орындық мейіргерлер даярлау курсы ретінде негізі қаланған білім ордасы бүгінде заманауи медициналық білім беретін, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыратын іргелі оқу орнына айналды. Тоқсан жыл ішінде колледж 10 мыңнан астам медицина маманын даярлап, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты. Бүгінде оның түлектері Жетісу облысының медициналық ұйымдарында абыройлы еңбек етіп келеді.

Мерейтойлық жиында сөз сөйлеген Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов Маратұлы колледждің өңір медицинасы үшін маңыздылығына тоқталып, білім ордасының ұжымын айтулы мерейтоймен құттықтады.

«Медициналық білім беру – денсаулық сақтау жүйесінің берік іргетасы. Ал осы салаға білікті, білімді әрі өз ісіне адал мамандар даярлау – үлкен жауапкершілік. Талдықорған жоғары медициналық колледжі тоқсан жыл бойы өңіріміздің денсаулық сақтау саласына қажетті кадрларды даярлап, талай буын медицина маманының кәсіби қалыптасуына жол ашты. Бүгінде колледж түлектері емдеу мекемелерінде, медициналық ұйымдарда халық денсаулығын сақтау жолында еңбек етіп жүр. Бұл – оқу орнының көпжылдық еңбегінің нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да білім ордасының әлеуеті артып, жаңа буын медицина мамандарын даярлаудағы орны нығая беретініне сенімдімін», – деді Асқар Садықов.

Жылдар бойы колледждің материалдық-техникалық базасы нығайып, білім беру мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Заманауи жабдықталған спорт залы мен 280 орындық жатақхананың салынуы – соның айқын дәлелі. Сонымен қатар еңбек нарығының сұранысына сай жаңа мамандықтар ашылып, білім беру бағдарламалары жетілдірілуде. Инклюзивті қоғам қалыптастыру бағытында массажист мамандарын даярлау да қолға алынған.

Мерейтойлық жиында колледждің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздардың еңбегі ерекше аталып өтті. Олардың қатарында 1997 жылдан 2026 жылғы жаңа оқу жылына дейін оқу орнын басқарған Серік Максимұлы Жансеңгіров, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін 30 жыл атқарған Эльза Викторовна Ли, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген Бақыт Хамзақызы Мұкашева, Әсия Мұкашқызы Әлібекова, Татьяна Петровна Дудукина мен Надежда Михаиловна Крысина бар.

Колледж түлектерінің қатарында бүгінде өңірдің денсаулық сақтау саласында жауапты қызметтер атқарып жүрген білікті мамандар аз емес. Олардың арасында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Сәкенұлы Чарапиев, Ескелді, Кербұлақ аудандық және Текелі қалалық ауруханаларының басшылары, сондай-ақ Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың тамыр хирургі Алмас Салимович Етекбаев бар.

Тоқсан жылдық тарихы бар колледждің мерейтойы – білім мен тәжірибені ұштастырып, медицина саласына сан мыңдаған маман тәрбиелеген ұстаздар еңбегіне көрсетілген құрмет. Бұл – өткенге тағзым, бүгінгі жетістіктерді бағалау және болашақ медицина мамандарын даярлауға бағытталған жаңа міндеттерді айқындайтын маңызды белес.

Тренерам детских спортшкол Казахстана предусмотрели доплату 30%: что меняется в системе детского спорта

В Казахстане меняется система финансирования детско-юношеского спорта. Одним из...

Создаются «Команды развития села»

КАЗАХСТАНСКОЕ СЕЛО ДОЛГОЕ ВРЕМЯ ОСТАВАЛОСЬ МЕСТОМ, ГДЕ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ...

В поддержку людей с особыми потребностями 

С 1 ЯНВАРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕНО ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ...

Искусственный интеллект и новые формы мошенничества

РАЗВИТИЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, КОТОРОЕ СУЩЕСТВЕННО РАСШИРИЛО ВОЗМОЖНОСТИ КОММУНИКАЦИИ, ПОЛУЧЕНИЯ...

О безопасности и правах стражей порядка

ЗА КАЖДЫМ ТРЕБОВАНИЕМ ПОЛИЦЕЙСКОГО ОСТАНОВИТЬ АВТОМОБИЛЬ, ПРЕКРАТИТЬ ДРАКУ ИЛИ...