Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп. Мұндай мәліметті ҚР Сауда және интеграция министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 46,6%-ға өсіп, 1,1 млрд долларға жетті. Ал АҚШ-тан Қазақстанға жеткізілген тауарлар көлемі 13,8%-ға артып, 1,79 млрд долларға өсті. Яғни Қазақстан АҚШ-қа сататын тауар көлемін айтарлықтай арттырғанымен, әзірге бұл елден сатып алатын өнімдерінің құны жоғары болып отыр.

Атап айтқанда, тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстан АҚШ-тан экспорттағанынан шамамен 690 млн долларға артық тауар импорттаған.

Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі

Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып отыр. 2025 жылы АҚШ пен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы жалпы тауар айналымы 6,54 млрд долларды құраған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 53,1%-ға жоғары. Оның ішінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі 5,11 млрд долларға жеткен. Осылайша, АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен жүргізген саудасының шамамен 78%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Екінші орында Өзбекстан тұр. Былтыр бұл елдің АҚШ-пен тауар айналымы — 1,05 млрд доллар. 

Министрліктің мәліметіне сәйкес, АҚШ пен Орталық Азия арасындағы сауда 2024 жылы аздап төмендегенімен, 2025 жылы қайта өскен.

Мәселен, 2024 жылы АҚШ-тың өңір елдеріне тауар жеткізу көлемі 2,49 млрд доллар болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 4,78 млрд долларға жеткен. Ал АҚШ-тың Орталық Азия елдерінен сатып алған тауарларының құны шамамен 1,76 млрд доллар. 

Бұл көрсеткіштер АҚШ-тың Орталық Азия нарығындағы сауда белсенділігі артқанын көрсетеді.

Қазақстанның АҚШ-пен саудадағы орны қандай?

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан Орталық Азиядағы басқа мемлекеттермен салыстырғанда АҚШ-пен әлдеқайда көп сауда жасайды. Мәселен, 2025 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы Өзбекстанның көрсеткішінен шамамен бес есе жоғары болған. Сонымен қатар 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанның АҚШ-қа экспорты импортқа қарағанда жылдамырақ өскен. Бұл отандық тауарлардың АҚШ нарығына жеткізілу құны артып жатқанын білдіреді.

Дегенмен екі ел арасындағы саудада импорттың үлесі әлі де басым. Сондықтан тауар айналымының өсуімен қатар, Қазақстанның АҚШ нарығына қандай өнімдерді және қаншалықты жоғары қосылған құнмен экспорттайтыны да маңызды.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.