Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттік саясаттың негізгі асымдықтарының бірі мемлекет беделіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күресі.
Қазақстанда сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Заңнамалық базаны күшейту: ҚР «Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қатаң сақтау.
Цифрландыру және ашықтық: Мемлекеттік қызметтерді Электрондық үкімет арқылы көрсету, қаржылық операцияларды ашық жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін автоматты түрде азайту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: Қоғамда, әсіресе білім беру мекемелері мен жастар арасында адалдық, парасаттылық және заңға бағыну құндылықтарын қалыптастыру.
Мүдделер қақатығысын реттеу: Мемлекеттік қызметшілердің жеке мүдделері мен қызметтік міндеттері арасындағы қайшылықтарды дер кезінде анықтап, жою.
Сыбайлас жемқорлық пен күрес — жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан, әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе білуі тиіс. Ол үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыра түсуге басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, өсіп келе жатқан жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жиілеп жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күрес жүргізе отырып, бірлесе күресу баршамыздың басты міндетіміз болып табылады.
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің
бас маманы Л.Калиева


