Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке құрам қызметкерлері арасында маусымдық тұмаудың алдын алу мақсатында вакцинациялау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және ұжым арасында санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған орай мекеменің жеке құрам қызметкерлері тұмауға қарсы екпе қабылдады.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың маңызды міндеті!


