Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының 2026 жылғы 9 айда атқарылған жұмыс қорытындысы туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М. Жанбыршиевпен сұхбат
2026 жылдың 9 айында Алматы қаласында барлығы қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Бақылау іс-шараларының нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ құқықтары бұзылған азаматтардың өтініштері қаралды.
2026 жылдың 9 айында Алматы қаласында барлығы 15 681 711 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) – 11 925 674 қызмет (76,05%), Орталық мемлекеттік органдар (ОМО) – 3 756 037 қызмет (23,95%).
2025 жылдың сәйкес кезеңінде 14 824 677 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Осылайша, мемлекеттік қызметтер көрсету көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 105,78%-ды құрады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету арналары бойынша:
Электрондық түрде – 14 620 632 қызмет немесе 93,23% (2025 жылы – 13 513 424, өсім – 108,19%);
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 1 017 758 қызмет немесе 6,49% (2025 жылы – 1 272 949, төмендеу – 20,05%);
Қағаз түрінде – 43 321 қызмет немесе 0,28% (2025 жылы – 38 544, өсім – 12,39%).
Осылайша, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіліп, олардың жалпы көлеміндегі үлесі 93,23%-ды құрады.
Әкімшілік жауапкершілік бойынша қандай шаралар қабылданды?
2026 жылдың 9 айында 49 әкімшілік іс қозғалды. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (89 іс) бұл көрсеткіш 45%-ға төмендеді. Сот тәртібімен 14 іс қаралып, олардың барлығы бойынша Департаменттің талаптары қанағаттандырылды.
Сотта қарау нәтижелері бойынша 1 288 850 теңге өндірілді. Бүгінгі күні мемлекеттік бюджетке 2 467 412,5 теңге түсті. Сонымен қатар, 605 500 теңге өндіріп алу сатысында.
Тәртіптік жауапкершілікке тарту көрсеткіштері бойынша да оң динамика байқалады. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсетушілердің 89 қызметкеріне қатысты тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралды.
Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) – 32 қызметкер, орталық мемлекеттік органдар (ОМО) – 57 қызметкер.
Бұл 2025 жылғы көрсеткішпен (141 қызметкер) салыстырғанда 39,9%-ға төмен.
Жалпы, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны өткен жылғы 210 көрсеткішпен салыстырғанда 57,7%-ға төмендеді. Бұл мемлекеттік органдарда профилактикалық жұмыстың күшейтілгенін және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің жақсарғанын көрсетеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардан қанша шағым түсті?
2026 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалардан барлығы 715 шағым келіп түсті (2025 жылы – 339, өсім – 110,9%). Олардың ішінде 38 жағдайда өтініш иелерінің құқықтарының бұзылғаны расталды. Ал 38 жағдайда азаматтардың бұзылған құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Қарау қорытындысы бойынша: қаралды – 458 (64%) (2025 жылы – 120, өсім – 281,6%),ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданды – 49 (6,8%);
өтініш берушілердің өтінішхаты негізінде қараудан тоқтатылды – 157 (21,9%) (2025 жылы – 159, төмендеу – 1%), қаралу үстінде – 51 (7,3%).
Өтініштерді өтініш берушілер мен қызмет көрсетушілердің өкілдерінің қатысуымен бетпе-бет қарау тәжірибесін қолдану негізсіз созбалаңға салуды барынша азайтуға және қайталама шағымдардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, 157 қызмет алушы өз өтініштерін кері қайтарып алды (2025 жылы – 159, төмендеу – 1%). Бұл Агенттіктің имиджіне деген сенім деңгейінің артқанын көрсетеді.
Сонымен қатар, Telegram-бот және «Egov.kz» платформасы арқылы барлығы 357 өтініш қабылданып, қаралды. Оның ішінде 53 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 307 қызмет алушыға мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді.
Бақылау шаралары барысында қандай нәтижелер анықталды?
2026 жылдың 9 айында 6 жоспарлы және 166 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Жоспарлы тексерулер нәтижесінде 17 987 бұзушылық, ал жоспардан тыс тексерулер барысында 178 бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, 8 қашықтықтан бақылау іс-шарасы өткізіліп, оның нәтижесінде 1 695 бұзушылық анықталды.
Бұдан бөлек, 192 сұрау салу іс-шарасы жүргізіліп, 86 бұзушылық фактісі тіркелді.
Мемлекеттік қызметтер алуда қандай заң бұзушылықтар жиі кездеседі?
Жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы келесі негізгі бұзушылықтар анықталды:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу – 15 051факт;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу – 2 136 факт;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1635 факт;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 34 факт;
- артық құжаттарды талап ету – 1 факт;
- құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсету – 11 878 факт;
- өзге де бұзушылықтар – 557 факт.
Мемлекеттік қызметтере алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілді?
2026 жылдың тоғыз айында Алматы қаласы Ведомствоаралық жұмыс тобының 3 көшпелі отырысы өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша Департамент тарапынан 13 ұсыныс енгізілді.
Халық арасында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 9 шығарылымы жарық көрді.
«Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасы аясында 3 семинар өткізіліп, оған 38 тыңдаушы қатысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 44 түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қоғаммен кері байланыс бағытында қандай жұмыстар атқарылды?
«Қызмет алушылар күні» жобасы шеңберінде 9 жәрмеңке өткізіліп, оған 1 416 азамат қатысты.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 18 семинар ұйымдастырылып, оған 924 қызмет беруші қатысты.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша 2 интернет-конференция өткізіліп, азаматтардан түскен 8 сұраққа жауап берілді.
Қорытындылай келе 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде мыңдаған заң бұзушылық анықталып, жауапты тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері қаралып, құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының
бас маманы
Төреқан Г.Б.


