Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің «Тайталас» кітабының тұсаукесері өтті. Әдеби басқосудың басты ерекшелігі автор мен шығармаға арқау болған басты кейіпкер Досымхан Аралбаевтың бір кездесуде жүздесуі болды.

Кітаптың тұсаукесері «Белсенді ұзақ өмір» орталығында өтіп, оған белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының мамандары қатысты. Қазақстанның құрметті журналисі, «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі, Президент сыйлығының иегері Байқал Байәділдің жаңа туындысы оқырманға таныстырылып, оның мазмұны мен көркемдік қырлары талқыланды.

Кездесу барысында филология ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры Сәбит Жәмбек Нұрмұхамедұлы «Тайталас» кітабына ғылыми талдау жасап, шығарманың мазмұндық-көркемдік ерекшеліктері жөнінде баяндама ұсынды.

Әдеби кешке қатысушылар авторға сауалдарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Шараның көркін қазақтың дәстүрлі әндері мен музыкалық шығармаларынан құралған концерттік бағдарлама аша түсті.
Жиында жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрғиса Дәуешов және басқа да қонақтар сөз сөйлеп, кітаптың маңызы мен қаламгер шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды.

Қаламгер мен өзі жазған туындының басты кейіпкерінің бір ортада бас қосуы кітап пен өмір арасындағы байланысты тереңірек тануға мүмкіндік берді. Мұндай әдеби кездесулер оқырманның шығармашылық туындыға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетті насихаттауға ықпал етеді.


Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫЗМЕТ ТІЛІ

Тіл – мемлекеттік басқару мен қоғамдық келісімнің маңызды құралы Кіріспе...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...

ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі таңда цифрлық технологияларды дамыту мемлекеттік органдардың, оның ішінде...