Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

28 қазаннан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге (КТ) және докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы тапсыруға болады.

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша бейінді магистратураға түсушілер құжаттарын 28 қазан мен 10 қараша аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына тапсыруы қажет.

Магистратураға түсу тәртібі

Тестілеу қараша-желтоқсан айларында электрондық форматта өтеді. Өтініш берген кезде талапкерлер емтихан тапсыратын қаланы өздері таңдайды. Өтініш қабылдау аяқталғанға дейін, яғни 10 қарашаға дейін білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеу тілін және емтихан тапсыратын қаланы өзгертуге болады. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін бұл мәліметтерді түзету мүмкін болмайды.

Тестілеудің өтетін күні туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 13 қарашада жарияланады.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу үш бөлімнен тұрады:

· шет тілі бойынша тест;

· оқуға дайындығын анықтау тесті;

· білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Ең төменгі шекті балл – 75. Оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтау тестінен кемінде 7 балл, ал бейіндік пәндердің әрқайсысынан кемінде 7 балл жинау қажет.

Бейінді магистратураға түсушілер тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Бұл жағдайда шекті балл – 30. Бірінші және екінші бейіндік пәндердің әрқайсысынан кемінде 7 балл алу керек.

Докторантураға түсу талаптары

Докторантураға түсу емтиханына өтініштер де 10 қарашаға дейін қабылданады. Емтиханға тіркелмес бұрын талапкерлер жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Докторантураға түсу үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат және шет тілін білетінін дәлелдейтін сертификат қажет. TOEFL ITP сертификаты бар талапкерлер түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілінен қосымша тестілеуден өтеді.

Докторантураға түсу емтиханы желтоқсан айында өткізіледі. Өтінішке өзгеріс енгізу немесе оны жою 10 қарашаға дейін мүмкін болады. Қосымша тестілеудің өтетін орны, күні мен уақыты туралы мәлімет 13 қарашада, ал түсу емтиханы жөніндегі ақпарат 26 қарашада талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

PhD бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханы әңгімелесуді, эссе жазуды және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтиханды қамтиды.

Ал бейіні бойынша докторлар бағдарламасына, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламаларына түсушілер әңгімелесуден және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханнан өтеді.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша PhD бағдарламасына түсу үшін кемінде 75 балл, ал бейіні бойынша докторлар бағдарламасына, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламаларына түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет. Үміткерлер конкурс негізінде қабылданады.

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстан не ұтады? 

Мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіру ұзаққа созылып, әлемдік нарықта баға барреліне 80–90 доллар деңгейінде сақталуы мүмкін.

Конгода Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 50%-ға жуықтады 

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Олардың 4 887-сі қайтыс болған.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.