Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ  цифрландыру процесі адам өмірін жеңілдеткенімен жас ұрпақтың девиантты мінез-құлқының жаңа әрі күрделі формаларының туындауына түрткі болуда. Оның бірі лудомания— жай ғана психологиялық тәуелділік емес, ол жасөспірімді қаржылық ресурстарды заңсыз табуға, яғни киберқылмысқа итермелейтін алғашқы қадам болып табылады. Бұл мәселелер тек ақпараттық қауіпсіздік аясында ғана емес, сонымен бірге тұлғаның құқықтық әлеуметтенуі мен рухани адамгершілік дамуы тұрғысынан кешенді зерттеу ғылыми тұрғыдан өзекті мәселе болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың эмоционалдық жетілмегендігін нәтижесінде жасөспірім құмар ойынға тәуелді болып, өз әрекетінің сипатын толық аңғармастан, екінші деңгейдегі қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтырады.   

Бұл әрекеттердің алдын алу мақсаты-жасөспірімдер арасындағы құмар ойындарға тәуелділіктің өсуін және оның киберқылмыстық әрекеттердің пайда болуымен өзара байланысын талдай отырып, бұл құбылыстың психологиялық, әлеуметтік және заңды аспектілерін қарастыру, сонымен қатар отбасылық бақылау, ата-ананың тарапынан баланың әлеуметтік желідегі белсенділігі мен қаржылық жұмсалымдарын қатаң бақылау секілді қылмыстық жауаптылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Қорытындылай келе, жасөспірімдер арасындағы лудомания мен киберқылмыс-бұл бір бірімен тығыз байланысты, қазіргі қоғам үшін үлкен қауіп төндіретін цифрлық кезеңнің әлеуметтік дерті. Ойынға деген қызығушылықты болдырмау, жастардың заң бұзушылыққа итермелейтін, олардың болашағына кері әсерін тигізетін әрекеттерді алдын алу бірлескен жүйелі жұмысты қажет етеді.

Сақи Қымбат Бердібекқызы, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісі басшысының орынбасары

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...