Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика күні ұлттық мерекесіне орай тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры А. Батырбековтің ұйымдастыруымен және спорт басқармасының мамандарының қатысуымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында спорттық жарыстар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және командалық рухты қалыптастыру.
Жарыс барысында қатысушылар шахмат, арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру және футбол түрлері бойынша өзара бақ сынасты. Әрбір сайыста қатысушылар өздерінің ептілігін, күш-жігерін, төзімділігі мен шеберлігін көрсете білді.
Спорттық бәсекелер қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар арнайы марапаттармен және кубоктармен марапатталды.
Мұндай спорттық іс-шаралар сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ Республика күніне арналған бұл шара ұлттық мерекенің маңызын насихаттап, қатысушылардың бойында бірлік, ынтымақ және жеңіске деген ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.


