Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған, содан бері сот жүйесінде іске асырылып жатқан іргелі жобалар мен жаңашылдықтардың, заңнамаларға енгізілген өзгерістердің бастамашысы болып келе жатыр.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған Судьялар одағы құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық институт ретінде қалыптасты. Ұйымның басты мақсаты – судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың кәсіби беделін арттыру, заңдылық пен әділдік қағидаттарын берік ұстану болды.
Отыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағы сот жүйесін жетілдіруге бағытталған көптеген бастамалардың ұйытқысына айналды. Судьялардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, тәжірибе алмасу, жас судьяларды қолдау – Одақ қызметінің негізгі бағыттары болып табылады. Сонымен қатар, ұйым қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың сот билігіне деген сенімін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
Судьялар одағы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға белсенді қатысып, сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылайтын кәсіби алаң ретінде танылды. Бұл сот тәжірибесінің бірізділігін сақтауға, судьялардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын қамтамасыз етуге оң ықпал етті.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағы – судьялар корпусын біріктіретін, беделі жоғары әрі жауапты қоғамдық ұйым. Ол сот билігінің абыройын арттыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметін тұрақты түрде жалғастырып келеді.
Мерейлі 30 жылдық – өткен жолға баға беріп, болашақ міндеттерді айқындайтын маңызды белес. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының Судьялар одағы әділ сот төрелігін жүзеге асыру, судьялардың тәуелсіздігі мен кәсіби беделін нығайту жолындағы қызметін табысты жалғастыра беретініне сенім мол.
-Биыл Қазақстан Республикасының Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – еліміздегі сот жүйесінің дамуы мен қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңді айшықтайтын, судьялар қауымдастығы үшін айрықша мәні бар мерейлі дата.

   Б.Исағабылов, Судьялар Одағының мүшесі аудандық сот әкімшісінің бас маманы

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...