Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында мүлікке тыйым салу

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтарының заңды түрде алған кез келген мүлкіне жеке меншік құқығы бар» және «Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды». делінген.

Жоғарыда аталған конституциялық норма азаматтардың жеке меншігіндегі мүлкіне, соның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында кепілдік береді және бұл құқық тек соттың шешімімен ғана шектелуі мүмкін.

Конституциялық деңгейдегі бұл кепілдік қылмыстық процестің негізгі қағидасына айналған, ол  Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 18-бабында бекітілген ешкімді де соттың шешімі болмайынша өз мүлкінен айыруға болмайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 161-быбына сәйкес, мүлікке тыйым салу — бұл азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы. Мүлікке тыйым салу оның меншік иесіне немесе иеленушісіне арналған, осы мүлікке билік етуге, ал қажет болған жағдайларда оны пайдалануға тыйым салудан не мүлікті алып қоюдан және оны сақтауға беруден тұрады.

Мүлікке тыйым салу туралы тергеу сотының шешімдері үшінші тұлғалардың құқықтарын шектеуі үлкен мәселе тудыруда. Осыған байланысты Конституциялық Соттың Нормативтік қаулысында маңызды құқықтық ұстанымдар қалыптасты, соны айтып өткен жөн деп есептеймін, мысалға 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 76 НП Нормативтік қаулыда егер тыйым салынатын мүлік ортақ меншікте болса және оның ішінде күдікті болып табылмайтын басқа да тұлғалар (тең меншік иелері) бар болса, судья бұл мәселені сот отырысында қарауға міндетті. Бұл ретте тең меншік иесіне өз ұстанымын айтуға мүмкіндік берілуі тиіс, егер мүлік күдіктінің заңсыз әрекеттеріне қатысы жоқ адал үшінші тұлғаларға немесе басқа меншік иелеріне тиесілі болса, оған негізсіз тыйым салуға жол берілмейді деген тұжырымдар келтірілген. Бұл тұжырым азаматтардың конституциялық құқықтарын, әсіресе қылмыстық процесс кезінде мүлікке тыйым салу мәселелерін шешуде өте үлкен маңызға ие.

Осылайша іске қатысы жоқ тұлғаларға (үшінші тараптарға) тиесілі мүлікке тыйым салу туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өтінішхаттарын қарастыру кезінде, сотқа үшінші тұлғалардың мүлкіне тыйым салу кезінде олардың қылмысқа қатыстылығын немесе бұл мүліктің қылмыстық жолмен табылғанын растайтын нақты дәлелдемелерді тексеруді міндеттейді. Тек жорамалдар мен болжамдарға сүйеніп мүлікке тыйым салуға жол берілмейді.

Сонымен қатар, соттың мүлікке тыйым салу туралы санкциясы қарапайым азаматтардың күнделікті өмірінде күрделі мәселелер тудыруы мүмкін, мысалға:

егер банктегі есепшоттарға тыйым салынса, азамат өзінің адал тапқан жалақысын, зейнетақысын немесе жинағын пайдалана алмай қалады. Бұл коммуналдық төлемдер, несиелер бойынша мерзімін өткізіп алуға және отбасын асырау мүмкіндігінен айырылуға әкеп соғуы мүмкін;

көлік немесе баспана сатып алған азамат бұрынғы иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны себепті мүлкінен айырылып қалу қаупіне тап болуы мүмкіндігі. Тіркеу жасалғанына қарамастан, тергеу судьясы мүлікті «қылмыстық жолмен табылған» деген күдікпен бұғаттап тастауы мүмкін және т.б.

Егер қылмыстық іс аясында тергеу судьясының мүлікке тыйым салу туралы санкциясы сіздің мүлкіңізге немесе күнделікті өміріңізге кері әсерін тигізген болса және сіздің ол қылмыстық іске еш қатысыңыз болмаса — бұл тығырық емес. Заңнамада мұндай жағдайды түзеудің нақты құқықтық тетіктері көзделген. Азаматтың мүлкіне тергеу судьясының қаулысымен тыйым салынса, заңнама мынадай қорғаныс тетіктерін ұсынады:

ҚПК-нің 107-бабына сәйкес, тергеу судьясының мүлікке тыйым салу туралы қаулысына ол табыс етілген немесе хабарланған сәттен бастап 3 тәулік ішінде жоғары тұрған облыстық сотқа апелляциялық шағым беру.

Үшінші тұлғалар мүліктің заңды жолмен және адал түрде алынғанын растайтын төлем құжаттарын, келісімшарттарды ұсына отырып, мүлікке тыйым слауды жою туралы өтiнішхат түсіруге құқылы.

Тергеу судьясының мүлікке тыйым салуды санкциялау институты — бір жағынан, қылмыспен келтірілген зиянды өтеудің кепілі болса, екінші жағынан, меншік құқығын аяқасты етпеудің басты тосқауылы болуы тиіс.

Заңнама нормалары айқындап бергендей, судья тергеп-тексеру органдарының қаулыларына санкция бере салатын «формальды орган» емес, азаматтардың конституциялық құқықтарының шынайы қорғанысы болуы шарт. Әрбір санкцияның артында адамның тағдыры мен мүддесі тұрғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Таласбаев У.С.

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін...

«Совминка» дәрігерлері сүйек сынуының алдын алу жолдарын түсіндірді

Сүйектің беріктігі адамның қимыл-қозғалыс белсенділігін сақтап, салауатты әрі белсенді...

Врачи Совминки рассказали, как защитить кости от переломов

Прочность костей во многом определяет способность человека сохранять подвижность...

ПЕРЕДВИЖНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ КОМПЛЕКСЫ ПРОВОДЯТ ОБСЛЕДОВАНИЕ ЖИТЕЛЕЙ ЕНБЕКШИКАЗАХСКОГО РАЙОНА

Два передвижных медицинских комплекса (ПМК) Алматинской региональной многопрофильной клиники...