Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құрамның қатысуымен саптық тексеріс өткізілді.
Саптық тексерістің негізгі мақсаты – қызметкерлердің қызметтік тәртібін нығайту, белгіленген талаптардың орындалуын бақылау, жеке құрамның қызметтік даярлығы мен күнделікті қызметке әзірлігін қамтамасыз ету.
Тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, шаш үлгісінің белгіленген талаптарға сәйкестігі, нысанды киім кию тәртібі, аяқ киімінің тазалығы, қызметтік куәліктері мен қажетті құжаттарының толықтығы назарға алынды. Сонымен қатар, киім үлгісінің талапқа сай болуы, жеке құрамның саптық тәртіпті сақтауы және қызметтік міндеттерді орындауға дайындығы тексерілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, ішкі тәртіп талаптарын орындау, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарау және мекеменің оң имиджін қалыптастыру жөнінде тиісті ескертулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Саптық тексеріс – қызметтік тәртіпті қамтамасыз етуге, жеке құрамның жауапкершілігін арттыруға және қызмет атқару барысында белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға бағытталған маңызды іс-шара.


