Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандармен әділет органдары өкілдерінің кездесуі өтті

       Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар Департамент юстициясының өкілдерімен, нотариуспен және жеке сот орындаушысымен кездесті. Кездесудің мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сот шешімдерін орындау мәселелерін түсіндіру және нотариаттық қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат беру.
        Кездесу барысында сот актілерін орындау, берешектерді өтеу, мүліктік құқықтарды қорғау және нотариаттық әрекеттерді жасау тәртібі талқыланды.                            
         Сотталғандар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, нақты құқықтық мәселелер бойынша түсініктеме алды.

Әсіресе сот шешімімен жүктелген міндеттемелерді орындау және қолданыстағы заңнама аясында құқықтық мәселелерді шешу жолдарына ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысқан сотталғандардың бірі мұндай іс-шараның қаржылық міндеттемелерді орындау және құқықтық мәселелерді шешу жөнінде пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
— Мұндай кездесулердің пайдасы зор. Себебі мамандарға тікелей жүгініп, өзімізді толғандыратын сұрақтарға жауап алуға болады. Әсіресе өз міндеттемелерімізді қалай дұрыс орындау керектігін және туындаған мәселелерді шешу үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін түсіну маңызды. Алған ақпаратым алдағы уақытта салмақты шешімдер қабылдауыма көмектеседі, – деп бөлісті сотталған азамат.
— Мұндай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің міндетіміз – белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларға құқықтық мәселелерді түсінуге, өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауға және қоғамға қайта оралуға дайындалуға көмектесу. Мемлекеттік органдар мен мамандардың қатысуымен өтетін кездесулер сотталғандарға білікті түсініктеме алуға және туындаған мәселелерді уақтылы шешуге мүмкіндік береді, – деді сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

         Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал етеді.

ДИВЕРСИФИКАЦИЯ В ДЕЛЕ? КАК КАЗАХСТАН ПЕРЕСТРАИВАЕТ ЭКОНОМИКУ

Вчера публиковал интересную информацию по инвестиционной активности за последние...

Ескертуді елемеген: ҚАЖ мекемесіне 23 450 теңге алып өтпек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты...

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ!

Бала тәрбиесі – адамзат алдындағы ең маңызды әрі жауапты...

Жүк көлігінің төбе қаптамасының астынан 10 телефон мен 42 SIM-карта табылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12...