Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ!

Бала тәрбиесі – адамзат алдындағы ең маңызды әрі жауапты міндеттердің бірі. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі елдің болашағы, мемлекетіміздің тірегі. Ұрпақ тәрбиесі тек ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып саналады. «Тәрбие – тал бесіктен» деген халқымыздың дана сөзі де осыны айқын аңғартады.

Бала ең алдымен отбасында тәрбие алады. Ата-ананың әрбір сөзі, іс-әрекеті мен мінез-құлқы балаға үлгі болады. Сондықтан баланың бойына адамгершілік, адалдық, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді сіңіру – ата-ананың басты міндеті. Отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Дегенмен бала тәрбиесін тек отбасының жауапкершілігімен шектеуге болмайды. Білім беру ұйымдары, ұстаздар, қоғамдық орта және құқық қорғау органдары да жас ұрпақтың дұрыс бағытта қалыптасуына өз үлестерін қосуы қажет. Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс баланың білімді, тәрбиелі әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып өсуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі қоғамда балалардың қауіпсіздігі, интернетті дұрыс пайдалануы, құқықтық сауаттылығы мен қоғамдық ортадағы мінез-құлқы ерекше назар аударуды қажет етеді. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа, өнерге және білімге қызығушылығын арттыру – оның теріс әрекеттерден аулақ болуына ықпал етеді. Сонымен қатар балаға өз құқығын түсіндірумен қатар, өзгенің құқығын құрметтеуді де үйрету маңызды.

Бала тәрбиесінде жазалау мен қатаң талап қоюдан бұрын, баланы тыңдай білу, оның жан дүниесін түсіну және сенімді қарым-қатынас орнату қажет. Бала өз ойын еркін жеткізіп, қиындықтарын ата-анасымен бөлісе алатын ортада өсуі керек. Әрбір бала мейірімге, қамқорлыққа және қолдауға мұқтаж.

«Бір тал кессең, он тал ек» деген халқымыздың өсиеті ұрпақ тәрбиесіне де қатысты. Бүгінгі жас ұрпаққа қандай тәрбие берсек, ертең қоғамымыз да сондай болады. Сондықтан әрбір азамат балаға немқұрайлы қарамай, оның болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Қорытындылай келе, бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Отбасы, мектеп және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана саналы, білімді, тәрбиелі әрі отансүйгіш ұрпақ қалыптастыра аламыз. Балаларымыздың жарқын болашағы үшін әрқайсымыз өз жауапкершілігімізді сезініп, олардың дұрыс тәрбие алуына үлес қосайық. Өйткені тәрбиелі ұрпақ – ел болашағының кепілі!


Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.Абдраманов

Ескертуді елемеген: ҚАЖ мекемесіне 23 450 теңге алып өтпек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты...

Жүк көлігінің төбе қаптамасының астынан 10 телефон мен 42 SIM-карта табылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12...

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...

Кассациялық сот сатысы 

Кассация -латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою,...