Жүк көлігінің төбе қаптамасының астынан 10 телефон мен 42 SIM-карта табылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12 мекемеде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекетінің жолы кесілді. Көлік құралын тексеру барысында кабина төбесінің қаптамасы астынан ұялы телефондар мен басқа да тыйым салынған заттар анықталды.

Жасырылған заттарды мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізген тексеру кезінде тапты.

Нәтижесінде әртүрлі маркадағы 10 ұялы телефон, 42 SIM-карта және төрт жад картасы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Алатау ауданының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Процестік шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жолдауға дайындалды.

ҚАЖ департаменті мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу және белгіленген режим талаптарын сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ!

Бала тәрбиесі – адамзат алдындағы ең маңызды әрі жауапты...

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...

Кассациялық сот сатысы 

Кассация -латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою,...

Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан...