Азаматтық процестегі эксаумақтық соттылық: сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен цифрлық технологиялардың енгізілуі сот жүйесінің алдына сот ісін жүргізуді жаңғырту бойынша міндеттер қойып отыр.

Осы тұрғыда азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық институтының маңызы зор, ол сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ азаматтық процесті оңтайландыруға бағытталған.

Бұл құқықтық институт дербес процестік табиғатымен ерекшеленеді және заңнамада бекітілген соттылықтың өзге түрлерінен нақты ажыратылған.

Эксаумақтық соттылық қағидаты бойынша істерді бөлу автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл осы кезеңде адами фактордың әсерін туындатпайды.

Талап қою арызы бағдарламалық кешен арқылы процеске қатысушылардың орналасқан немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, ел өңірінің тиісті сотына жолданады. Осы тетіктің мақсаты сот корпусына түсетін жүктемені теңестіру, процестік бейтараптықты сақтау және дауларды қарау кезінде объективтілікті қамтамасыз ету болып табылады.

Эксаумақтық соттылық қағидаты процеске қатысушылардың ерік білдіруіне байланыссыз қолданылады және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 32-бабымен реттелетін келісімдік соттылықтан өзгешеленеді.

Келісімдік соттылық тараптардың өзара келісіміне негизделеді, оны олар өз қалауы бойынша жасалатын шарттардың мәтінінде тиісті ескертпе түрінде алдын ала бекітеді. Шартқа осы талапты енгізу арқылы кәсіпкерлік субъектілері болашақта туындауы мүмкін дауларын шешетін өзара келісіммен нақты аумақтық сотты айқындайды.

Бұдан бөлек, істерді автоматты түрде эксаумақтық бөлу кезінде Азаматтық процестік кодекстің 31-бабында бекітілген айрықша соттылық ережелерінің сақталуы міндетті болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы, мүлікті арестен босату туралы және заңда белгіленген өзге де санаттағы істер тек сол мүліктің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады. Айрықша соттылық ережелері императивтік сипатқа ие, басымдыққа ие болады және олар шарттағы тараптардың келісімімен де, автоматтандырылған жүйенің алгоритмдерімен де өзгертіле алмайды.

Бүгінгі таңда эксаумақтық тәсілдің іскерлік орта мен кәсіпкерлік субъектілері үшін, атап айтқанда, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың іс жүргізуінде тәжірибелік маңызы бар.

Мысал ретінде құқықтық қатынастарға қатысушылар мен шарт бойынша міндеттемелерді орындау жері Республиканың әртүрлі өңірлерінде аумақтық тұрғыдан орналасқан құқықтық жағдайда эксаумақтық соттылық қағидатын қолданудың тиімділігін қарастыруға болады.

Бұл ретте эксаумақтық соттылық қағидатын іске асыру сот процесінің жариялылығы мен ашықтығы деңгейін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. Автоматтандырылған жүйенің іс материалдарын өзге өңірге жолдауы тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтаудың процестік кепілі болып табылады.

Бұл процеске қатысушыларға тараптардың процестік теңдігі жағдайында өз уәждерін құқықтық тұрғыдан негіздеуге толық мүмкіндік береді.

Онымен қоса, электрондық құжат айналымын енгізу, талап қоюды қашықтан беру мүмкіндігі және бейнеконференция байланысы арқылы сот отырыстарын өткізу процеске қатысушыларға шығындарды азайта отырып, сотпен қашықтан өзара іс-қимыл жасауға жағдай жасады.

Қорытындылай келе, эксаумақтық соттылық сот билігінің беделін нығайтуға әсер ететін, азаматтық процесті жаңғыртудың құралы болып табылатынын атап өткен жөн.

Батыс Қазақстан облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы               Акчулакова Любовь Еркеновна

«Республика күні- елдігіміздің айғағы»

Еліміздің тәуелсіздікке бастар жолында айрықша мәнге ие тарихи белестер...

«Ардагермен бір күн» тақырыбында кездесу өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

Жер қатынастарынан туындайтын әкімшілік дауларды қараудың өзекті мәселелері

Өңір соттарында қаралатын әкімшілік істердің кең таралған санаттарының бірі...

“Қауіпсіз үй” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

05.10-05.11.2026 жыл аралығында өтіп жатқан “Қауіпсіз үй” атты жедел-профилактикалық...

ӘРПК-гі қазақ тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің айқын белгісі әрі...