Сот жүйесін цифрландыру және процестік заңнаманы модернизациялау шеңберінде сот өндірісіне істерді қараудың бейтараптығы мен объективтілігін арттыруға бағытталған яғни соттың бейтараптылығын қамтамасыз ететін жаңа процестік механизм — аумақтан тыс соттылық институты енгізілді.
Аумақтан тыс соттылық — азаматтық немесе әкімшілік істі дәстүрлі аумақтық бағыныстылық ережелерінен (жауапкердің орналасқан жері немесе әкімшілік актінің қабылданған орны) тыс, ақпараттық жүйе арқылы басқа өңірдегі тиісті соттың қарауына қайта бөлудің процестік тәртібі. Бұл режим дәстүрлі соттылықты толығымен алмастырмайды, тек заңда көзделген негіздер бойынша немесе процеске қатысушылардың ерік білдіруіне байланысты қолданылады.
Институттың заңнамалық негіздері Азаматтық процестік кодексте және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте бекітілген. Заң нормаларына сәйкес, тараптардың өзара келісімі немесе белгіленген процестік жағдайлар бойынша талап қою ақпараттық жүйе арқылы республиканың кез келген сотына автоматты түрде қайта бөлінуі мүмкін. Ал ӘӘПК шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне дау айту кезінде талап қоюшының өтінішхаты немесе арнайы процестік негіздер бойынша істі басқа өңірдегі әкімшілік соттың қарауына беру тетігі көзделген.
Істерді қайта бөлу Сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі базасында жүзеге асырылады. Алгоритм судьялардың ағымдағы ж жұмыс жүктемесін, белгіленген мамандануын және уақытша болмауын (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық) есепке алады. Бұл тәртіп істерді бөлу кезінде субъективті факторларды толығымен шектеуге, адами факторды алып тастауға және процестік бейтараптықты сақтауға бағытталған.
Аумақтан тыс соттылық институты бір мезгілде бірнеше жүйелік мәселелерді шешуге үлкен мүмкіндің бере алады:
1) Процестік тәуелсіздік: Мекемелік немесе жергілікті мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін жағдайларда істің бейтарап қаралуын қамтамасыз етеді;
2) Жүктемені теңгеру: Істерді республика бойынша біркелкі бөлу арқылы аса жүктелген мегаполис соттарының өндірісінтегі істердің ауырлығын азайту;
3) Практика бірлігі: Түрлі өңір судьяларының ұқсас санаттағы істерді қарауы құқық қолдану практикасының бірізділігін қалыптастырады.
Істі аумақтан тыс соттылық тәртібімен беру тиісті процестік құжатпен немесе жүйелік хабарламамен бекітіледі. Процеске қатысушыларды хабарландыру «Сот кабинеті» сервисі немесе текстолық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Істі басқа өңір сотының қарауы бейнеконференциябайланыс жүйелерін қолдану арқылы қашықтықтан жүргізіледі, бұл тараптардың сот отырыстарына цифрлық форматта қатысуын қамтамасыз етеді.
Қызылорда облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының
бас маманы-сот
отырысының хатшысы А.Бодыкова


