АККА-да Biotronik Solvia және Amvia электрокардиостимуляторлары алғаш рет имплантацияланды

Алматы көпсалалв клиникалық ауруханасында (АККА) жүректің табиғи өткізгіш жүйесін стимуляциялау технологиясына (Conduction System Pacing, CSP) арналған халықаралық шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға Польша, Краков қаласындағы Әулие Иоанн Павел II атындағы мамандандырылған аурухананың клиникалық электрокардиология бөлімінің меңгерушісі, профессор Krzysztof Boczar, MD, PhD қатысты.

АККА-ның клиникалық тәжірибесінде Biotronik Solvia және Amvia жаңа буындағы электрокардиостимуляторлары алғаш рет имплантацияланды. Операциялар халықаралық сарапшы мен аурухана мамандарының қатысуымен жүргізілді.

CSP технологиясы жүректің табиғи өткізгіш жүйесін стимуляциялауға мүмкіндік береді. Бұл жүрек бұлшықетінің физиологиялық белсендірілуін қамтамасыз етіп, оның жиырылу синхрондылығын сақтауға көмектеседі. Кейбір науқастарға бұл тәсіл оң жақ қарыншаны ұзақ уақыт стимуляциялауға байланысты асқынулардың даму қаупін төмендетуі мүмкін.

АККА-да Гис шоғырының сол жақ аяқшасы аймағын стимуляциялау әдісі (LBB pacing) қолданылады. Шеберлік сабағында мамандар халықаралық ұсынымдарды, пациенттерді іріктеу критерийлерін және құрылғыларды имплантациялаудың техникалық ерекшеліктерін талқылады.

Amvia құрылғысының батареясы белгілі бір пайдалану жағдайларында 14 жыл 10 айға дейін қызмет ете алады. Бұл генераторды ауыстыруға байланысты қайталама операциялардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Операцияларға Садыков А. С. — эндоваскулярлық хирургия және аритмология бөлімінің меңгерушісі, Бигельдиев Н. Ж. — аритмолог дәрігер, Жолдасбай А. Д. — эндоваскулярлық хирургия және аритмология бөлімінің дәрігері қатысты.

IAMS басқарушы компаниясының бас директоры Жұмағали Исмаилов:

«Басқарушы компанияның қолдауымен дәрігерлеріміздің біліктілігін арттыруға және озық медициналық технологияларды енгізуге жағдай жасап келеміз. Халықаралық шеберлік сабақтары мамандарымызға шетелдік жетекші сарапшылардың тәжірибесін меңгеріп, заманауи емдеу әдістерін клиникалық тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз — халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмектің сапасын арттырып, пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейту» — деп атап өтті.

Шеберлік сабағы АККА-ның аритмология қызметін дамытуға және жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарын емдеудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.

В АМКБ впервые имплантировали электрокардиостимуляторы Biotronik Solvia и Amvia

В Алматинской многопрофильной клинической больнице (АМКБ) прошёл международный мастер-класс...

Қазақстандағы әлеуметтік реформа: Азаматтардың өз еркімен жәрдемақыдан бас тартуы

Қазақстанның ауқатты азаматтары әлеуметтік желілерде балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны...

Әкімшілік соттың құрылғанына 5 жыл

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  енгізілуіне және мамандандырылған әкімшілік...

ЧЕМПИОНДАРҒА – УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті әрқашан үздік спортшыларды қолдайды. Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде...

Вакцинация және ЖРВИ-дің алдын алу: күзгі-қысқы маусымда денсаулықты қалай қорғауға болады?

Күн суытқан сайын тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың...