Бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Буланды аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Сотта анықталғаны.

Макинск қаласының 19 жастағы тұрғыны түнгі уақытта (сағат 22.00-ден кейін) қала орталығында автокөлік басқара отырып, жол қозғалысы қағидаларын бұзған. С. жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін қауіпті маневрлер жасаған: көлікті бір жақтан екінші жаққа бұрған, жоғары жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалған, кері бұрылған және қарсы қозғалыс жолағына шыққан. С.-ның әрекеттерін басқа адам ұялы телефонға түсірген.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жарияланған бейнежазбаны анықтаған.

С. қоғамдық тәртіпті бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметсіздік танытқаны үшін азаматтар полицияға жүгінген.

Сот отырысында С. өз кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбамен расталды.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 5-тен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Жаза тағайындауда сот С.-ның бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, сондай-ақ жоғары қауіптілік көзі болып табылатын автокөлікті басқара отырып, көлікті басқарудан айырылу және апаттық жағдай туындау мүмкіндігіне жеңілтектікпен қарағанын ескерді.

Жаңа құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу және тәрбиелік мақсатта, сондай-ақ С.-ның жол қозғалысы қағидаларын бірнеше рет бұзғанын ескере отырып (2025 жылғы 27 қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейін С. 14 құқық бұзушылық жасаған, оның 6-уы жылдамдықты арттыруға қатысты), сот әкімшілік жазаның неғұрлым қатаң түрі – әкімшілік қамаққа алуды тағайындады.

Сот қаулысымен С.-ға 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы 

Буланды аудандық соты

Медиация – дауды бейбіт жолмен шешудің тиімді тәсілі

Қазіргі таңда қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және дауларды өркениетті жолмен шешу – сот жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, медиация институтының...

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының...

Адалдық – сот қызметкерінің басты ұстанымы

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіріп, азаматтардың мемлекетке...

Судьялар одағы – жаңа реформалардың бастамашысы

«Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі 1996 жылғы 19 желтоқсанда республика судьяларының I...

Азаматтық iстер бойынша сараптама жүргізудің тәртібі бар

Сот – дау алаңы. Сотқа жүгінген кез келген адамның...