ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі М. Бекжановтың қатысуымен жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске мекеме бастығы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жедел кеңестің күн тәртібінде №68 мекемесінің жедел қызмет бағыты бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралды.
Кеңес барысында жедел-қызметтік жұмыстың негізгі көрсеткіштері сараланып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар, қызмет барысында орын алған мәселелерге талдау жасалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Жеке құрамға қызметтік міндеттерді сапалы әрі жауапкершілікпен орындау, мекемеде белгіленген режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел жағдайды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Кеңес соңында қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыруға, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер белгіленді.

ДҰРЫС АУДАРМА ЖАСАУ ҮЛКЕН ӨНЕР

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетінде...

В учреждениях области Абай провели онлайн-турнир по шахматам

Среди осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы области...

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...