ДҰРЫС АУДАРМА ЖАСАУ ҮЛКЕН ӨНЕР

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетінде заманға сай мамандықтар бар. Солардың бірі синхронды аударма мамандығы.  Қазіргі нарық заманында бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау мақсатында «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының жанынан «Синхронды аудармашы» деп аталатын мамандық ашылып, бірінші рет магистранттар мен докторанттар қабылданды. Себебі, қазіргі таңда синхронды аудармашылар сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Кез-келген жиында, форумдарда, кездесулерде синхронды аудармашылар керек. Ал бұл мамандық иелері Қазақстан бойынша тапшы екендігі мәлім. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында университетіміз батыл қадам жасап синхронды мамандарды даярлауды қолға алып отыр.

Қиын да қызықты аудармашы мамандығын таңдап алған магистранттарды синхронды аударма бағытында даярлау біздің оқытушыларға да жаңа міндеттер жүктейді. Белгілі әдебиеттанушы Т.Әлімқұлов : «Аударма туынды өз деңгейінде болуы — тілдің нәрлілігі, құнарлығы, бейнелілігіне байланысты. Сондықтан да аудармашылар тіл заңдылығын, сөз қолданысын білуі шарт» ,-  деп атқандай, жақсы аудармашы болу үшін магистранттар тіл білімі мен әдебиеттану, философия, мәдениеттану, педагогика  т.б. ғылымдармен сусындаулары қажет.  Синхронды аударма жасайтын аудармашылардың тақырыптары да алуан түрлі болады. Жан-жақты білім алған магистранттар болашақта жақсы маман иесі болатындарына да сенімдіміз. Ал синхронды аудармашылар мамандығын ашу кезінде университетіміз көптеген ұйымдастыру шараларын жасады. Атап айтқанда, алдыменен білім беретін білікті аудармашы ғалымдарды топтастырды, содан кейін жоғары сапалы техникалық жабдықтар жинақталған лингафонды кабинет ашты. Кабинетте синхронды аударманың қыр-сырын жан-жақты үйрететін кабинкалар қойылған. Онда микрофондар , құлақшындар және дыбыс жазатын, тыңдайтын т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілген. Факультет оқытушылары синхронды аудармаға арналған оқулықты да дайындай бастады. Бұл өте керекті, тапшы мамандықты даярлаудың алғышарттары болмақ.

         Атақты аударматанушы ғалым В.Комиссаровтың: «Халықаралық байланыстардың таралуы, мәдениет, спорт, туризм салаларындағы алмасу, түрлі халықаралық форумдардың, кездесулер мен келіссөздердің өткізілуі аудармалар мен аудармашыларға қажеттіліктің туындауына әкеледі»,- деген пікіріне толықтай қосыла отырып,  болашақта кәсіби білімі жоғары көп тілді синхронды аудармашыларды дайындауда университетіміз жоғары орындарда тұратындығына сенімдіміз.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары

Г.Д. Айтжанова  мен Г.Қ.Қазыбек

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...