Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық болмысын, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап келе жатқан қасиетті ана тілі. Тіл – халықтың рухани байлығы және ұлттың басты құндылықтарының бірі.
Қазақ халқы өз тарихында талай қиын кезеңдерді бастан өткерді. Соған қарамастан ана тілін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. Қазақ тілінде халықтың ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдері, жыр-дастандары мен ұлы ақын-жазушылардың шығармалары дүниеге келді.
Ана тілін құрметтеу – өз халқыңды, туған жеріңді және ұлттық мәдениетіңді құрметтеу деген сөз. Әрбір қазақ баласы ана тілін біліп, оны күнделікті өмірде дұрыс қолдануға ұмтылуы керек. Тілді сақтау тек мектептің немесе мемлекетің міндеті емес, ол – әр азаматтың ортақ парызы.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оның мәртебесін көтеру, дамуына үлес қосу – баршамыздың міндетіміз. Жастар қазақ тілінде еркін сөйлеп, сауатты жазып, ана тілінің байлығын келешек ұрпаққа жеткізуі қажет.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі – халқымыздың жүрегінде сақталған асыл қазына. Ана тілімізді ардақтап, оның қадірін білу – әр қазақтың азаматтық борышы. Тіліміз жасай берсе, ұлтымыздың рухы да биік болмақ.
Ж.Бекболат, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісінің орынбасары


