Ерлан Карин Джеки Чанмен кинематография саласындағы ынтымақтастықты талқылады 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-президент Ерлан Карин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті. Топ құрамында әлемге танымал режиссер әрі киноактер Джеки Чан, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық продюсерлер Эсмонд Рен, Рүстем Омаров, Игорь Цай және Орынбасар Құдайбергенов болды.

Кездесу барысында кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ бірлескен киножобаларды одан әрі жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Ерлан Карин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа технологияларды, креативті индустрияларды дамытуға және азаматтардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Вице-президент мұндай ірі жобаларды Қазақстанда жүзеге асыру отандық киноиндустрияның дамуына, оның кәсіби тұрғыдан өсуіне және елді халықаралық кино өндірісі үшін перспективалы алаң ретінде танытуға ықпал ететінін айтты.

Кездесуде кинода жаңа технологияларды қолдану мәселесіне ерекше назар аударылды. Ерлан Карин Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында елордада Astana AI Film Festival фестивалі өткенін айтты. Жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер байқауына әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Ауқымы мен географиялық қамтуы бойынша фестиваль AI-киноға арналған әлемдегі ең ірі шараға айналды.

Кездесу соңында Ерлан Карин Джеки Чанға Қазақстанға деген ерекше жылы қарым-қатынасы үшін алғыс айтып, жобаның барлық қатысушыларына шығармашылық табыс тіледі.

Қазақстанда алкогольге ең көп ақша жұмсайтын өңір анықталды 

Қазақстан тұрғындары алкоголь өнімдеріне, шарап пен сыраға орта есеппен азырақ ақша жұмсай бастады: 2026 жылғы қаңтар–маусым айларында шығын бір адамға 3,1 мың теңгені құрап, бір жылда 1,1%-ға қысқарды.

Алтын бағасы алдағы бір жылда 5013 долларға дейін қымбаттауы мүмкін 

Алдағы 12 айда алтынның бағасы бір трой унциясына 5013 долларға дейін өсуі мүмкін.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды 

Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.