Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына алматылықтардың алған медициналық көмегі үшін 130,3 млрд теңге төледі.

МӘМС пакетінен алынған қаражатқа нақты тоқталар болсақ, шығынның басым бөлігі, яғни 74,2 млрд теңгесі стационарлық көмекке, шамамен 5,8 млрд теңгесі күндізгі стационар қызметіне, 22,2 млрд теңге консультативтік-диагностикалық қызметтерге, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операцияларға 16,8 млрд теңге, медициналық реабилитацияға 5,1 млрд теңге жұмсалған.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында азаматтар жыл сайын түрлі хирургиялық оталарды жасатуға мүмкіндік алып отыр. Олардың арасында бағасын көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін қымбат операциялар да бар. Құны бірнеше миллион тұратын қымбат оталарды сақтандырылған азаматтар төлеген жарнасының мөлшеріне қарамай жасата береді. МӘМС жүйесіндегі ортақ жауапкершіліктің мәні осында», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.

Мысалы, осы жылы Алматы қаласында жалпы алғанда 19,9 млрд теңгеге 7367 кардиохирургиялық операция жасалған. Бір отаның құны орта есеппен 3 млн теңгеге шығады. Сонымен қатар, 3167 нейрохирургиялық операция жасалған. Оған Қор 5,6 млрд теңге төледі. Тізе және жамбас буындарын алмастыру операцияларына деген сұраныс та өте жоғары. Алматыда 3368 буын алмастыру отасы жасалыпты. Операциялардың жалпы құны 5,3 млрд теңгеге жетіп жығылады.

Тағы да нейро-қан тамыр және қан-тамыр жүйесіне жасаған 3558 отаға Қор 4,6 млрд. теңге төледі. Сонымен қатар, оңтүстік астанамызда жалпы құны 303,5 млн теңгелік 54 бауыр, бүйрек және жүрек алмастырылды. Мұндай бір отаның құны 10 млн теңгеге дейін жетіп жығылады және бүгінде бұл шығындар МӘМС қаражаты есебінен өтеліп жатыр.

Ең қымбат оталар үштігі:
1.Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесі (LVAD) – бұл жүрекке қанды айдауға көмектесетін механикалық қондырғы. Ол транслантацияны күтіп жүрген немесе жүрегін алмастыруға болмайтын науқастарға қолданылады. Біреуінің құны – 80,2 млн теңге. 2025 жылы осындай 1 ота жасалса, 2026 жылы бұндай 14 ота жасалды.
2. Аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын алмастыру, құны – 17,5 млн теңге.
3.Жүректің митралды қақпақшасын алмастыру, құны – 17 млн теңге. 2025 жылы осындай 2 ота жасалса, 2026 жылы олардың саны 19-ға жетті.

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...

Қазақстанда инфляция төмендеуін жалғастыруда

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып,...

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...