ТӨРЕЛІК ЕТЕР ТӨРДІ СЫЙЛАУ КЕРЕК

Мемлекеттегі әділдікті орнатып, заң үстемдігін қамтамасыз ететіндіктен соттың орны әрдайым жоғары. Әрі соттың ең маңызды функциясы азаматтардың құқықтары мен бостандығын мінсіз қорғауға негізделген. Сот билігінің мәртебесінің биік, міндетінің жоғары болатыны да сондықтан.
Азаматтар ақиқатты анықтайды, ақ пен қараны ажыратады, әділдікті орнатады деп сенім артып келгендіктен әрбір судья істі қарау барысында заң алдындағы теңдікті сақтап, азаматтардың заңды бұзуына жол бермейді. Даулы мәселелерді тек заңға сүйене отырып, ешкімге бұра тартпай, артықшылық бермей, бейтарап түрде шешетін судья — әділдікке деген сенімді нығайтудың кепілі.
Ал сотқа деген сенім — мемлекетке деген сенімнің негізі екені белгілі. Сәйкесінше сотқа құрметсіздік таныту — мемлекеттің маңызды құрылымына ғана емес, жалпы мемлекетке құрмет танытпай деп саналады. Әрбір сот отырысында ортақ тәртіпті сақтау, сот отырысына уақытылы келіп, процестің ретімен өтуіне кедергі келтірмеу, судьяның өкіміне бағыну — кез келген сот отырысы қатысушысының міндеті. Өкінішке қарай сот тәжірибесінде сот шақыртуына жауап бермеу, сот отырысына себепсіз келмеу, сот талқылауына қатысушылардың сөзін бөліп, өз ойын айтуына мүмкіндік бермеу, судьяны немесе заңды рәсімдерді елемеу, ашық түрде бағынбау жағдайлары ара-тұра кездесіп қалады.
Ал сотқа, судьяға құрметсіздік танытқандарға арнайы жауаптылық көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес, төрағалық етуші судьяның өкімдеріне бағынбау, сот залындағы тәртіпті бұзып рұқсатсыз сөйлеп, айқайлаған, сот процесіне қатысушыларды қорлап, судьяның сөзін бөлген немесе рұқсатсыз залдан шығып кеткендер, сот отырысына дәлелді себептерсіз келмегендерге алдымен ескерту жасалып, немесе айыппұл салу, әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін. Егер бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі өсіп, қамау мерзімі 10 тәулікке дейін ұзартылады.
Соңғы жылдары процесті рұқсатсыз таспаға жазу, судьяның келісімінсіз сот залында фотосуретке түсіру, бейнежазба жасау, тікелей эфир жүргізу секілді құқықбұзушылықтардың орын алатын рас. Бұл да сотқа құрметсіздік танытудың, өкіміне бағынбаудың бір көрінісі.
Сонымен қатар, сотқа осылай құрмет көрсетпегенімен қоймай, қатысушылар судьяны ашық түрде қорласа, бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 410-бабымен сараланып, ол үшін ірі көлемде айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қамау қолданылатынын қаперде ұстаған жөн.
Міне, сондықтан да төрелік етер төрге құрмет таныту баршамыздың міндетіміз.


Т.Боранов, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...